Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет16/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

15 – тақырып.

Адами ресурстар кәсіпкерліктің өнімі ретінде
Лекцияның мақсаты: Кәсіпорын персоналының түсінігін, жіктелуі мен құрылымын қарастыру, еңбек потенциалын сипаттайтын көрсеткіштерді қарастыру, кәсіпорындағы кадрлық саясатты қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпорын персоналының түсінігі, жіктелуі мен құрылымы.

  2. Кәсіпорынның еңбек потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер.

  3. Кәсіпорындағы кадрлық саясат.

  4. Еңбек өнімділігі.

  5. Мотивация және кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру.

Лекцияның мазмұны

Еліміздің қазіргі кезеңдегі экономикалық және саяси өмірінде персоналды басқару немесе адам ресурстарын басқару маңызды рөл атқарады. Кез – келген мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурстары болып табылады. Бәсекелік күрес жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру мен тиімділігін арттыруға персоналдар тікелей әсер етеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Оны кәсіпорынның даму болашағын анықтайтын стратегиялық фактор ретінде қарастыруға болады. Өйткені, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеялар ұсынады және кәсіпорынның ары қарай дамуына мүмкіншілік береді. Сондықтан кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, басқару және дамытуда персоналды басқару жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы жоғары.

Персоналды басқару – бұл персоналға әсер етуге мақсатты бағытталған қағидалар, әдістер мен құралдар жиынтығы. Ол кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру мәселесін қарастырады. Персоналды басқарудың негізгі мақсаты жалпы кәсіпорынның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.

Персоналды басқарудың негізгі функцияларына келесілерді жатқызуға болады:



  • персоналды жоспарлау;

  • персоналдарды іздеу және іріктеу;

  • персоналдар санын реттеу;

  • жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу;

  • персоналдардың кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілігін бағалау;

  • оқыту мен дамытуды ұйымдастыру;

  • еңбек нәтижелерін бағалау;

  • еңбекақы төлеу жүйесін қалыптастыру;

  • қолайлы әлеуметтік – психологиялық климатты қолдау және т.б.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде орындалатын жұмыс көлеміне қарай қажетті еңбек ұжымы қалыптастырылады. Оны кәсіпорынның персоналды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Яғни, анықталған мақсатқа жету үшін қажетті персоналдарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету персоналды жоспарлаудың маңызды міндеттерінің бірі. Жоспарлау қысқа және ұзақ мерзімді болашақта персоналдарға деген қажеттілікті анықтауға бағытталған. Жоспарлау нәтижесінде анықталған мамандарға қажеттілік (жеткіліксі болса) сұранысты қанағаттандыру не болмаса жұмыстан босату (артық болса) арқылы қамтамасыз етіледі. Еңбек ұжымын қалыптастыру мен мамандарға қажеттілікті анықтауда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері ескерілуі керек. Себебі, мамандардың жеткіліксіздігі анықталған мақсаттар мен белгіленген міндеттерді шешуге кері әсерін тигізсе, ал олардың артық болуы қосымша шығындардың ұлғаюы нәтижесінде кәсіпорынның қызмет тиімділігі мен бәсекелік ұстанымына айтарлықтай ықпал етеді.

Атқарылатын функцияларына байланысты өнеркәсіптік – өндірістік персонал 4 категорияға бөлінеді: жұмысшылар, басшылар, мамандар және техникалық қызметкерлер.

Жұмысшылар бұл тікелей өнім өндірумен, жөндеумен, жүк тасумен және т.б. айналысатын қызметкерлер. Оларға сонымен қатар еден жуушылар, гардеробщктерді, күзетшілерді, дворниктерді жатқызуға болады.

Өндірістік үрдіске қатысу сипатына байланысты жұмысшылар негізгі (өнім өндіретін) және қосалқы (технологиялық үрдіске қызмет көрсететін) болып бөлінеді.

Басшылар бұл кәсіпорындардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сонымен қатар олардың орынбасарлары қызметін атқаратын қызметкерлер.

Мамандар бұл инженерлік – техникалық, экономикалық және басқа да функцияларды атқаратын қызметкерлер. Оларға инженерлер, экономисттер, бухгалтерлер, заңгерлер, нормировщик, техниктер және т.б. жатқызылады.

Техникалық қызметкерлер құжаттарды дайындауды және рәсімдеуді жүзеге асыратын шаруашылық қызмет көрсететін қызметкерлер (іс жүргізушілер, хатшылар, табельщиктер, чертежниктер).

Категориялары бойынша қызметкерлердің арақатынасы кәсіпорындардың еңбек ресурстарының құрылымын сипаттайды.

Еңбек қызметінің сипатына байланысты кәсіпорын персоналын кәсібі, мамандығы және біліктілігі деңгейі бойынша бөледі.

Кәсіп (профессия) - бұл арнайы оқу нәтижесінде алынған білім және еңбек қабілеттерінің жиынтығымен негізделген адам қызметінің белгілі бір түрі.

Мамандық (специальность) – бұл қандай да бір кәсіп шегіндегі қызмет түрі, оның өз ерекшеліктері бар және ол қызмтекерлерден қосымша арнайы білім мен қабілеттерді талап етеді. Мысалы, экономист бұл кәсіп, ал экономист – бухгалтер, экономист – қаржыгер, экономист – трудовик, экономист – плановик бұл мамандық.

Біліктілік (квалификация) – бұл қызметкерді кәсіби дайындаудың дәрежесі мен түрі, сонымен қатар біліктілік разрядтары мен категорияларында сипатталатын қандай да бір функцияларды орындау үшін қажетті қабілеттері мен білімінің болуы.



Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

1.Персоналды басқару дегеніміз не?

2. Кәсіпорындағы кадрлық саясатты қалай ұйымдастырады?
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет