Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет15/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпорын қаржыларының мәні неде?

2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Поляка, В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011 – 581 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.


14-тақырып.

Кәсіпкерлік тәуекелдер
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік тәуекелдің мәнін, жіктелуін, тәуекел көрсеткіштері мен оны бағалау әдістерін, тәуекелге әсер ететін факторларды, тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерін қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні

  2. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі

  3. Тәуекел көрсеткіштері мен оны бағалау әдістері

  4. Тәуекелге әсер ететін факторлар

  5. Тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері

Лекцияның мазмұны

Кез келген кәсіпорын өзінің өндірістік, коммерциялық және басқа да қызметтерімен байланысты тәуекел үшін жауапты және кез келген кәсіпкер қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін жауапты болады. Тәуекел факторы кәсіпкерді қаржылық және материалдық ресурстарды үнемдеуге, жаңа жобалардың тиімділігін есептеу кезінде оларға ерекше назар аударуды және т.б. жағдайларды талап етеді.

Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы несиелеудің қымбаттауы, инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономиканың тұрақсыздығы немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел – бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара іске аспаған, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелбұл қандай да бір зияндарға немесе жоғалтуларға ұшырау ықтималдылығы.

Кәсіпкерлік тәуекелді көбінесе өндірістік, коммерциялық және қаржылық деп үшке бөліп қарастырады. Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде туындайды. Өндірістік тәуекелдің себептеріне жоспарланған өндіріс көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығын, материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер, т.б. жатқызуға болады. Коммерциялық тәуекел өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алумен, т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау, т.б. жатады. Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым-қатынасы кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфляциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі т.б. себептерге байланысты пайда болады.Қаржылық тәуекел бұл қаржылық, несиелік және биржалық сфералардағы қандай да бір операцияларды өткізу нәтижесінде, бағала қағаздармен операцияларды жасау кезінде болатын зияндардың болу ықтималдылығы. Оған несиелік тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, алынбай қалған пайда тәуекелі жатады. Несиелік тәуекел несие үшін аударылған негізгі қарыз бен пайыздарды қарыз алушының төлемеуімен байланысты болады. Пайыздық тәуекел – пайыздық ставкалардың артуы нәтижесінде инвестициялық қорларда, несиелік мекемелерде, коммерциялық банктерде болатын жоғалтулар қаупі. Валюталық тәуекел – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды өткізу кезінде шетелдік валютаға қатысты өзгеру қаупі. Алынбай қалған пайда тәуекелі шаруашылық қызметтің тоқтап қалу немесе қандай да бір шараның жүзеге асырылмау нәтижесінде пайда болатын қаржылық зиян ықтималдылығымен анықталады.

Пайда болу сферасы бойынша кәсіпкерлік тәуекелдерді сыртқы және ішкі тәуекелдер деп бөледі. Сыртқы тәуекелдердің пайда болу көзі болып кәсіпкерлік фирмаға қатысты сыртқы орта табылады. Кәсіпкер оларға әсер ете алмайды, ол тек қана өз қызметінде мүмкіндігінше оларды болжап алдын-ала көре алады. Осылайша сыртқы тәуекелдерге кәсіпкердің қызметіне тікелей байланысты болмайтын тәуекелдер жатады. Бұл жерде сөз кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамадағы күтпеген өзгерістер туралы, елдегі саяси режимнің тұрақсыздығы туралы, мысалы эмбаргоны енгізудің, әр түрлі забастовкалардың және т.б. жағдайлардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпкердің жоғалтулары туралы болып отыр. Ал ішкі тәуекелдердің көздері болып кәсіпкердің немесе фирманың өзі табылады. Бұл тәуекелдер тиімсіз менеджмент, дұрыс жүргізілмеген маркетингтік саясат нәтижесінде пайда болады. Ішкі тәуекелдердің негізгілері болып фирма қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерімен байланысты кадрлық тәуекелдер табылады.

Уақыт ұзақтылығына байланысты кәсіпкерлік тәуекелдерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады. Қысқа мерзімді тәуекелдер тобына кәсіпкерге белгілі бір уақыт аралығында кәсіпкерге қауіп төндіретін тәуекелдер жатады. Мысалы, оған көлікті тәуекелді жатқызуға болады. Бұл тәуекел кезінде жүкті тасымалдау уақытында және нақты бір мәселені жүзеге асыру кезінде төлемеу тәуекелі пайда болады. Ұзақ мерзімді тәуекелдерге аталған географиялық ауданда немесе экономиканың белгілі бір саласында кәсіпкерлік қызметке қауіп төндіретін тәуекелдер жатады. Мысалы, құқықтық жүйесі жетілдірілмеген елдегі төлемсіз тәуекелі немесе сейсмикалық қаупі жоғары аудандағы ғимараттардың бұзылу тәуекелі. Ұзақ мерзімді тәуекелдер сондай-ақ тұрақты тәуекелдер деп те аталады.

Кәсіпкерлік тәуекелдерді сонымен қатар сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдер деп бөлуге болады. Кәсіпкер тәуекелдерді жартылай түрде экономиканың басқа субъектілеріне аудара алады. Басқаша айтқанда, сақтандыру жарналары түрінде белгілі бір шығындарды төлеп, өзін қауіпсіздендіре алады. Осылайша тәуекелдердің кейбір түрлерін, мысалы, мүліктің жойылу тәуекелін, өрттердің, табиғат апаттарының және т.б. пайда болу тәуекелін кәсіпкер сақтандыра алады. Сақтандырылатын тәуекел – пайда болу жағдайында сақтандырылатын оқиғалардың жиынтығы.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні неде?

  2. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі қалай жүргізіледі?

  3. Тәуекел көрсеткіштері мен оны бағалау әдістері қандай?

  4. Тәуекелге әсер ететін факторлар қандай?

  5. Тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет