Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары


Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау облысында әртүрлі институттар бар, сондай-ақ, қолдау нысандары мен механизмдері, негізгі қағидалары қалыптасты



бет13/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау облысында әртүрлі институттар бар, сондай-ақ, қолдау нысандары мен механизмдері, негізгі қағидалары қалыптасты.

Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

  1. Мемлекеттің бастамасымен құрылған және мемлекеттік ұйымдар (қаржылық институттар);

  2. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, салалық ассоциациялар;

  3. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері;

  4. Бизнес-инкубаторлар, индустриалдық және технологиялық парктер;

  5. Ақпараттық – аналитикалық, маркетингтік, консалтингтік және оқыту орталықтары;

Мемлекеттің бастамасымен құрылған қаржылық институттар келесі ұйымдар түрінде қызмет етуі мүмкін:

    • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және оның аймақтық филиалдары;

    • Сәйкес Министрлік жанынан құрылған департаменттер;

    • Қазақстанның даму институттары (Маркетингтік талдамалық – зерттеулер орталығы» АҚ, «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ т.с.с.);

Сонымен қатар лизингтік компаниялар, микрокредиттік ұйымдар да құрылып қызмет ете алады. Олар мемлекет бастамасымен, сондай-ақ жеке бастама негізінде де құрылуы мүмкін.


Қазіргі кезде елімізде 200-ден астам кәсіпкерлер ассоциациялары мен бірлестіктері тіркелген және қызмет етеді. Мұндай бірлестіктер кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қызметі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде олардың рөлін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге кәсіпкерлер территориялық (республикалық, облыстық, қалалық) және салалық (жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындарының ассоциациясы, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы т.б.) белгілері бойынша бірігуі мүмкін.

Елімізде қоғамдық және Үкіметтік емес ұйымдар нысанында құрылған едәуір ірі кәсіпкерлер ассоциациясы ретінде келесілерді атап көрсетуге болады: Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы, «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР-ның сауда - өнеркәсіптік палатасы одағы, Инновациялық орталықтар мен бизнес – инкубаторлардың Қазақстандық ассоциациясы, «Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясы» т.с.с.

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін аккредиттелген шетелдік және халықаралық ұйымдар да белсенді түрде қызмет етеді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жобасы (ПРООН), Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, Халықаралық даму жөніндегі Американдық агенттік (ЮСАИД), Сорос Қазақстан қоры, «Евразия» қоры, ТАСИС т.б.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына бизнес – инкубаторлар кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының бірі ретінде айтарлықтай ықпал етеді.

Бизнес-инкубатор ағылшынның business incubator деген екі сөзінен шыққан. Бұл сөз (бизнес-инкубатор) жаңа кәсіпорындарды құрудың икемді әдістерінің жүйесі дегенді білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған. Бірақ олар түрлі елдерде әртүрлі аталады (инновациялық орталық, кәсіпкерлік орталық, бизнес және технология орталығы т.б.). Бизнес- инкубатор – бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңестермен (консультация) және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы. Басқаша айтқанда бизнес – инкубатор – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының түсінігі мен мәні неде?

  2. Бизнес – инкубаторлардың түсінігі және олардың Қазақстанда дамуы.

  3. Факторингтік және лизингтік операциялардың қажеттілігі мен мәні.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Поляка, В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011 – 581 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет