Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет114/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
жасөспірім қыздарды жұмыспен қамтамасыз ету қолға алынбаған. Көп 
кінәлілердің қатарына сол ауыл, аудан басшыларын қосуға да болады. 
Ұлдарға жұмыс табылар, ал қыздарды не болса соған жегіп, қадірлерін 
кетіруге болмайды ғой. Қыздарға лайықты киім тігетін, тоқитын ком-
бинаттар ашып, жіп иіретін немесе кондитерлік тағамдар өндіретін 
цехтар ашып, тағы басқа кәсіпорындар ашып, қыздарын далаға, қалаға 
қаңғытпай, тентіретпей отырған, үлгі көрсетіп жүрген басшыларымыз 
жоқтың қасы. Қазіргідей таршылық заманда өз ауданының, ауылының 
тұрмыс жағдайын жақсартқаны өз алдына, жаңағыдай қамқорлық 
көрсеткен болар еді. Оның да небір шешілмеген күнгей, эканомикалық 
түйіндері бар шығар. Дегенмен де, болашақ ұрпақ қамын ойласақ ал-
дымен қыздарымызды-гүлдерімізді аялап, солдырмау баршамызға 
парыз. 
Селк етіп секем алып қарадың-ау, 
Қай таудың киігі едің қарағым-ау?
Төбеңде шыр айналып бала қыран
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау, 
– деп киелі, қасиетті Мұқағали ақынымыз жырлағандай, сол 
киіктерімізді жаутаңдатпайықшы! Оған иісі қазақ атсалысып, ата-
ана дұрыс тәрбие беріп, әкімшілікке қолы жеткен азаматтарымыз 
материалдық, моральдық көмек көрсетіп, әйтеуір, ел болып қам 
жасасақ, бұзылған қыздар қатары азаяр еді. 
Жуырда африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан мөлдіреген қара-
көз қызды көрдім көшеден. Арбаға салып алған бөпелерін қыдыртып 
жүр-ау шамасы. Шыдай алмадым: «Айналайын-ау, қазақтың ішінен 
осындай қап-қара жігіт таба алмадың ба? Тіпті өз басыңды қадірлесең 
қайтетін еді?» дедім. Түсінбеді ме, әлде шынымен өзегін өртеген өрттің 
үстінен түстім бе, әйтеуір үндемеді. Абырой болғанда, «менің кімге, 
қайда күйеуге шыққанымда не ақың бар?» дегенді естімедім. 
Тәрбие мәселесінде, әсіресе жас ата-аналар қыз бала тәрбиесін на-
зардан шығарып алмаса екен. Жас шыбықты алғашқы күннен жақсы 
күтіп-баптасаң қандай сымбатты болып өсіп немесе солып қалар еді. 
Ал күтіп-баптау дегенің тамағы тойса болды немесе барды киіндіріп 
тайраңдатып қою емес, ол-дұрыс бағыт-бағдар беру. Дұрыс тәрбие 
дегеніміз: 


241
Тіршілік
Біріншіден, өтірік-өсектен аулақ өсіру, бірді-бірге соғып, қулық –
сұмдық жолмен біреудің бірдеңесін қымқырып, жымқырып жүргендер 
үстімізге жұққан дақ;
Екіншіден, үлкенді сыйлау, яғни ізеттілікке баулу;
Үшіншіден, үй-іші тіршілігіне-тоқу, тігу, ас әзірлеу, тазалық жағына 
үйрету;
Бесіншіден, ер балаларды сыйлауға, қадірлеуге үйрету, болашақ 
ерлі-зайыптылыққа баулу деген сөз бұл;
Алтыншыдан, талғаммен киіну. Бұны бас, аяғыңды қымта, бүркен 
деген сөз емес, сәнімен киіну деген мағынада;
Жетіншіден, әдептілікке дағдыландыру. Сөз мағынасын түсініп 
сөйлеу. Сөз жарыстырып, бағжаңдап, тайраңдап деген сияқты түрпідей 
тиетін мінезден сақтау. «Әке отырып ұлы сөйлегеннен без, шеше оты-
рып қызы сөйлегеннен без» деп халқымыз философиялық ілімді текке 
айтпаған. 
Баяғыда біреу айналдырған төрт ешкісінің біреуі өліп қалды 
деп естіртіп тұрған кемпіріне «Е, тәйірі, мал іші болған соң болады 
да» деген екен дейді. Сол айтқандай, бес саусақ бірдей емес, бәрін 
бірдей әдепті, ғып тәрбиелеу де мүмкін болмай қалар, дегенмен өзі 
аз халықпыз, ал ұрпағымыздың бытырап, шашылып, берекесінің 
кетуіне жол бермегеніміз жөн-ау! «Ойды ой жетелейді» дегендей, 
«әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ болып тұрған осы бір шақта 
бірлік-берекенің болғаны ләзім. Былай қарасаң, сол жастармен 
жұмыс істейтін, жөнге салатын, бағыт-бағдар беретін мекемелеріміз 
баршылық. Қазақстан Жастар одағы комитеті, Қазақстан мұсылман 
әйелдері қоғамы дегендеріңізге неге тікелей тәрбие істерімен 
айналыспасқа? Жастар одағындығылар да кілең бір конкурстарымен 
ғана көзге түсуде. Болашақ ұрпақ қамын ойлайтындар осы жоғарыда 
аталған мекемедегілер болуы тиіс қой. Жүректері сыздап, ойларына 
ел ертеңі, халық қамы түссе мазасызданатын азаматтарымыз қашан 
ұйқысынан арылар екен?
Жуырда бір жоғары оқу орнының бір топ бұзақылықпен айна-
лысатын студенттері, қазіргі тілмен айтқанда рэкеттері, басқа оқу 
орындарының жатақханаларына барып, киімдерін, ақшаларын тартып 
әкеткен көрінеді. Бұл бір емес, бірнеше рет болған екен. Жәбірленуші 
де, жәбірлеуші де өз қандастарымыз. Еркектерден ары бірін бірі ша-
шынан сүйреп, жұлып, сабап жатқандар да біздің қыздар. Ал, таяқ 
жеп, қорлық көріп жатқан тәлімді қыз екені бет-бейнесінен көрініп 
тұр. Интернетті ашып, кадрды тоқтатып қойып қарап, соған көз жетті. 


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет