117
Тіршілік
ол ақша бередi, яғни жақсы күндердiң бiрi. Ондай сәттер бiр ме-
реке бұлар үшiн. Мамасының сөзiмен айтқанда: «Сенiң өлген әкең
о дүниеден ақша салып қояды анда-санда». Екеуi базарға барады
ол күнi. Бұның сұрағанын әпереді сонда мамасы. Әрине, Мәлiк тәттi
сұрайды, ойыншық сұрайды. Бірақ, бiр рет қана «аяғымдағы санда-
лым тесiлiп қалды, жүгiрсем тас кiредi» деп айтқаны есiнде. Сөйтiп,
ес бiлгелi бiрiншi рет өзi болып киiм алдырған. Егер ол жақсы күнi ма-
масы базарға сау барса, үйге бiраз тамақтар, заттар алады. Соңында
әрине, бiр-екi шөлмек алуды ешқашан ұмытпайды.
– Алмашы, мама, оны алмашы, – деп бiрер рет қолына жармасып
едi, Мәлiк шапалақ жеп қалған-ды. Содан берi қарсылық жасамайды.
Бәрiбiр
алғысы келсе алады, ешкiмдi де тыңдамайды. Алса алсын тек
үйге барып iшiп, ұйықтап қалса екен... Ең басты тiлегi – ешкiм кел-
месе екен... Әйтпесе, ана жолғы ұзын сары аға қасындағы кiсiмен
айқайласып, ақыры оған лақтырылған шөлмек Армандардыкын-
дей түрлi-түстi болмаса да әйбат көрсетiп тұрған телевизорды быт-
шыт қылды. Содан берi не «мультик», не «соғыс» көре алмаған ол iшi
пысқан соң айналып келiп, сол шөлмектермен ойнайтын... Өмiр осы-
лай өтiп, тiрi адамдар тiршiлiгi созыла берер ме едi... Егер осынау бiр
оқиға дүниені дүр сiлкiндiрмегенде.
Ертемен кеткен анасы күнi бойы үйге оралмаған соң Мәлiк оны
iздеп көшеге шыққан болатын. Үйге жақын маңайдағы базарда жи-
налатын едi
әдетте мамасының жолдастары, сол жерде бiрiгiп, ақша
жинап, арзан арақ сатып алып iшетiн. Ол жерден ешкiмдi таба алма-
ды. Қайтып келе жатып, жол айырығында құлап жатқан әйелдi көрiп,
солай бұрылды. Мамасының киiмдерiне де ұқсайды киiмдерi. Тезiрек
жетiп жол шетiне шығармаса машина басады. Әне, бiр иномарка
ағызып келедi. Оны жүргiзетiндердiң бәрi де ақшалары көп, «блатной»
ағалар. Олар басып кете бередi, Өйткенi олар ешкiмнен қорықпайды.
Мамасының түсiндiруi бойынша ақшасы көп адамдар ештеңеден
қорықпайды.
Тұра ұмтылып, санасында тек «басады-ау» деген ой болған, жолға
жүгiрiп шыққан ол өзiнiң тоқтатып үлгермеген машина астына қалай
бүктетiле құлап түскендiгiн аңдауға шамасы келмедi.
Баланың қай
жақтан жүгiрiп шыққанын, қалай жүгiрiп шыққанын байқамай қалған
машина иесi басын қос қолдап уыстаған күйi отырып қалды.
Жиналған жұрт баланы танып, анадайда мас болып құлап жатқан
Айжанды көрiп iстiң мән-жайын айтпай-ақ ұққандай... Баланың өлi
денесiн жедел жәрдем алып кеткенде, тiрi өлiк болып жатқан ананың
118
Клара Қабылғазина
денесiн милиция машинасы алып кеттi. «Шарасыз нәресте, қатыгез
тағдырдың құрбаны болдың-ау...» деп баяғы Арманның мамасы көзiне
жас алды.
Ана бiр жылы орыс, қазағы, басқасы бар балалар үйiне бермек бо-
лып едi осы баланы.
Сонда арақ iшудi қоямын, баламды өзiм бағып-
қағамын деп уәде берiп Айжанның бермей қойғаны есiне түстi. Одан
кейiн аумалы-төкпелi заман басталып кеттi. Кiмнiң өмiрiне кiм көңiл
бөлдi дейсiң... Сөйтiп Мәлiктiң тағдыры да қарбалас тiрлiктiң тасасын-
да қалып қойған едi...
Сол оқиғадан берi көкiрегiмде тұнып қалған мұңды аластай алма-
дым... Көз алдымда шарасыз, өмiрдiң дауыл-желiне қарсы тұрарлық
қауқары жоқ сәби, еш жазығы жоқ, бiрақ өмiр сүруге құқы бар сары-
ауыз балапан мәңгі бақи тұрып қалғандай... Өмiр ме, тағдыр ма, iшкiш
ана ма, қол ұшын беруге жарамаған айналадағы адамдар – бiздер ме,
тiрi өлiк әке ме, әйтеуiр, кiнәлiнi ұстай алмадым...
Кiнәнiң бiр ұшын артып қояр мектеп те бар екен-ау! Күзде бiрiншi
класқа оқуға Мәлiк те барған едi. Айжан да әжептәуiр киiндiрiп ұлын
жетектеп апаруын апарған-ды. Екi-үш айдан кейiн мектеп те оны
оқытудан бас тартты. Жүйелi тәрбие көрмеген, арнайы дайындықтан
өтпеген бала әрине, басқаларға қарағанда ақыл-ойының өзгелерден
кем көрiнуi, өмiрден қалыс қалуы шындық едi. Оның үстiне күнделiктi
мектепке күтiп, мәпелеп апарар ана болмаған соң, бақыламағаннан
кейiн ұзақ уақыт сабаққа келмеген баланы шығарып тастаған-ды.
Мәселенi оңай шешудiң жолы құтылу болып шыққан ғой...
«Әй, Айжан, Айжан! Қол аяғы сап-сау, сүп-сүйкiмдi сәбиден айы-
рылып қалдың-ау! Ертең-ақ бiр азамат болып шығар ма едi... Шiркiн-
ай... уһ...» деп Арманның шешесi есiне түскен сайын күрсiнiп қояды.
Айжан болса сылтаудың жаңа түрi
табылғанына бiр жағынан
қуанғандай сыңай танытып, iшуiн үдете түскен. Бiрақ қап-қара
көмiрдей шашының арасын аралаған тарау-тарау ақ iштен жеген
күйiктi аңғартқандай... Қалай болса да, не десек те ана ғой...