Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет66/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

ҮМІТ ҮЗІЛМЕСІН
(хикаят)
Тау баурайындағы алақандай ауылдың тұрмыс-тіршілігі өз алдына 
қым-қуыт. Тіршілігі қайнап, әрекеті қызып жатқан шағын бір мемле-
кет тәрізді. Кешке қарай бұзауларын аңсаған сиырлар мөңіреп, қозы-
лақтар жамырап, айналаны қорып, қожайынына жағып, жампаңдаған 
иттер үріп, бала-шаға шуласып, мал қайыра барып, өсек-аяңдарын 
айтып шүйіркелесіп, ерні ерніне жұқпай сүйреңдескен келіншектердің 
сыңқылы, дағарадай кимешектерінің етегі желпілдеп, балалармен 
қабаттаса шуға шу қосып, «қайт, кебенек!» немесе «әйт, шүу!» деп 
шаңқылдаған кемпірлер не керегі бар, әйтеуір, қызу тіршіліктің ныша-
ны жан-жаққа тарап жатқандай... 
Қолында көлігі барлар қаладан майда-шүйде тасып, оны үйінің 
қасында сатып, жәмпеңдесіп жатқан саудагерлер. Бұлар заман 
ағымына қарай тез бейімделіп, әрекеттеніп жатқан «көзі ашықтар». Ай-
наш осы бір тірлік иелеріне қатты қызығады. «Қандай жақсы! Ол үйдің 
іші сағызды қалауынша шайнайды... тәттіні де жегілері келген уақытта 
жейді... Әр түйір сағызды он бес, жиырма теңгеден сатады, ал бүкіл 
балаларды тартып тұратын сусындары тіпті қымбат... Өзім де өскенде 
піркәшік болар едім... Әжемнің айтуынша олардың жағдайлары ылғи 
жақсы болады. Сауда, ақша жүрген жерде тоқшылық қатар жүреді...»
Алқызылданып, тарам-тарам шапақтарының ұштары сап-сары ал-
тындай боп, жан-жаққа тарап, әлі де болса түн қараңғылығы жеңгенше 
жер-анаға нұрымды төге тұрайын дегендей күн сәулесі мейірленіп, жы-
луын аямауда. Кешкі қоңыр салқын леп білініп, күндізгі ыстықтан бір 
сәт бойлары жеңілдеген ауыл адамдарының қарбаластықты көбейтіп, 
қам-қарекетпен айналысып, ертеңгі күнді қарсы алуға дайындықтары 
байқалғандай... 
– Айнаш ! Әй, Айнаш қайдасың?.. Дәл кешкі абаң-қабаңда осы қыз 
қайда жоғалып кетеді? Шошаңдамай, бой жетіп қалған қызға ұқсап, 
бір жерде байыз тауып отырмас па?.. Тау мен тасты кезіп, секеңдеп 
кеп жүргені... 
Әжесінің айқайы дәл осы бір сәтте шығатынына әбден үйреніп 
алған Айнаш та жетіп келеді. 


136
Клара Қабылғазина
– Бар, анау кебенек келгірдің алдынан шық! Бүгін тағы еміп 
қоймасын... 
Жылдамдат дегендей қолын сермеді. Шошайтып жинап қойған 
шашы қозғалған сайын селтең-селтең етіп, жүгіре жөнелген жасөспірім 
қыздың алаңсыз, уайым-қайғысыз, тек қана өмірге ынтық екені әр 
қимылынан білініп тұрғандай... 
Айналадағы табиғаттың үнсіз ойнаған күйіне, өзіне таныс 
әуендерге балқыған қыз тез-ақ табиғаттың тылсымына еліте жөнелді. 
Әр қайыңмен, әр талмен, әр гүлмен күнде сырласатын әдетімен 
«Есенсіңдер ме, балқайың?», «Қалың қалай, сүмбетал?», «Гүлдерім, 
сұлуларым, мен келдім сендерге... Мен арманымды сендерге айту-
дан жалықпаймын...», «Ия, ия, біз де сенің арманыңның орындалуына 
тілектеспіз!» дегендей, бәрі бір бірін қостағандай бастарын шұлғиды. 
Олардың дәл осылай дейтінін Айнаш жүрегімен түсінеді. Бұл бол-
са келер жылы астана маңындағы қалашыққа оқуға баратынын, 
үлкен өмірге араласатынын, болашақта бір сауда орнын басқаратын 
қызметкердің оқуын оқығысы келетінін, содан соң өзіне ақылды, сым-
батты, іскер, мәдениетті, қысқасын айтқанда «крутой» жігіт тауып, 
күйеуге шығатынын, сонан соң өзі сияқты әдемі қыз, сүйкімді ұлды 
өмірге әкелетінін айтады. 
Олар да қыз арманын мақұлдасып, тілегіңді тәңірің берсін дегендей 
өздерінше шулайды, сыбдырлайды, сыңғырлайды, бастарын шұлғиды. 
Осы бір табиғатпен сырласқан сәттен соң әуезді үнімен кеудесіндегі 
күмбірлеген күйге қосылып, әндете емшектері сыздап, аяқтарын 
талтаң-талтаң басқан қоңыр сиырды әукесін сипалай үйге әкеледі. 
Күнделікті тіршілік бір қалыпты, бір сарынды болғанымен өзгеше 
ыстық, өзгеше жақын. 
Таңертеңгі сәтті де аңсап, сағына қарсы алады Айнаш. «Тұршы, 
қызым-ай, анау малдарды өріске тездеп айдап апармасаң, тағы да та-
быннан қалып қойса елдің бау-бақшасын аралап, көршілердің әтуірін 
кетірер, тезірек баршы...», – деген анасының қоңыр даусы естілісімен-
ақ орнынан атып тұрып, киімдерін апыл-құпыл киіне салып, өздері-
ақ өріске бет алғалы тұрған ірілі-уақты малдардың артынан ілесе 
жөнеледі. Таныс тастардың үстінен секіріп, жанына жақын жотаның 
басына шыққанша, сонан соң өзеннiң салқын суына жуынып, аяқтарын 
малып, малта тастарымен бiраз ойнап, олардың әрқайсысымен бiраз 
тiлдескенше күн де көтерiледi. Тағы да шуақтарын шаша, күн көздерiн 
күлiмдете жымияды. Рас, жымияды, оны Айнаш қана көре алады. 
Таңғы самал бетiн өбедi. Қыз болса: «Амансың ба, алтын күн? Есенсiң 


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет