138
Клара Қабылғазина
Сарғая күткен күз де жақындады. Айнаш жездесi Тынышжанды
күтiп, азын-аулақ киiм-кешектерiн жинап қойғалы қашан… қала жақ
бағытына жүретiн қара жолға қарай-қарай кей кездерi көзi талады.
Жеке машинамен келе ме, әлде автобуспен бе? Қызының мiнезiндегi
өзгерiстердi балалыққа жорыған анасы оған аса мән бермеген едi.
Тағат таусылып, үмiт үзiлер шақта әлдебiр арманның ақ сәулесi ме,
сезiм бе, жақсылық нышаны ма жалт ете қалатыны бар емес пе? Бұған
да сөйтiп, сәтi түсiп, жездесi Тынышжан келiп, өмiр күле қарады. Бiрер
күн түнеп,
асығыс екенiн, келген шаруасы Сайраштың тапсыруы бой-
ынша Айнашты алып кетпек екенiн айтып, жолға жиналды. Айнаштың
қуанышында шек жоқ. Бiр қалыпты, мамыржай тiрлiгi өзгеретiн бол-
ды. Жаңа қала, жаңа орта, жаңа достар не керегi бар бәрi жаңаратынын
ойласа шын мәнiнде қуанып, тiптi бiр бақытқа бөленетiн едi.
Автобус терезесiнен телмiре қарап,
жас қыздың көзi талып, жа-
нары шаршады. Шетi, шегi жоқ көкжиекке барып қана тiрелетiн сар
даланың өңi өзгерсейшi… Әне бiр көрiнген белге барып, көкжиекке
тас жолдың тұмсығы белгісіз арман қалаға тiрелгендей болады да, әрi
қарай ұшы-қиыры жоқ дала тағы жалғасады. Ана бiр белден асқан соң
жетiп қалармыз-ау деген үмiтi қайтадан алданады. Жеме-жемге кел-
генде жалт ете қалатын тұп-тура алдамшы жалған сияқты…
Түс ауғанша әлi селеулi даладан басқа ештеңе көре алмаған қыз
жездесiнiң алақанына басын салып, ұйықтап кеттi. Ұйқысы әлдеқашан
қанып, шаршағаны басылып қалған екен… Автобус әлi селкiлдетiп
келедi…
Неге екенiн өзi де бiлмедi, әйтеуiр ыстық, үлкен алақаннан ба-
сын көтергiсi келмедi. Бiр қолын қыз басына төсеп, екiншiсiмен кеуде
тұсынан құшақтап отырған, өн бойын қыздырып бара жатқан қамқор,
аялы ер адам қолының қасиетiн, махаббат деген сезiмнiң осылай пай-
да болатынын ол ұқпаған едi. Бiрақ, жанына жаққанын, тiптi кейiнгi
кездерi де осы сәттi сағынатынын бiлмедi.
Жаңа мектептiң Айнаш барған сынып
балаларының бәрi бұған
керемет көрiндi, бар жағынан. Бұйығы, жасқаншақ ауыл қызы қала
оқушыларының арасында көп уақыт үйрене алмай жүрдi. Бiраз
уақыттан кейiн өзiне достар тауып, пiкiрлес, мiнездерi ұқсас қыздармен
тiл табысып кеттi. Айнаштың өзi айтқандай «жаңа өмiр» жалғасын тау-
ып, күндер зулап өтiп жатты.
Қалашық балаларының, жастарының ұзақ қыс бойы барар жерлерi
жасанды теңiз мұзына сырғанау. Үлкенi алтыдағы, кiшiсi екiдегi
Тынышжанның екi баласының да теңiздiң дәл түбiнде
тұрған соң ой-
ындары сол сырғанақ болатын. «Айнаш оқуынан әлi қайтпаған ба?»