Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет64/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
Садық ақсақал орта жастан асып, қарттықтың қырқасына шыққан 
кезiнде маңдайға ұрғандай есеңгiреп, елсiзде, жалғыз балапанын бау-
ырына басып қала бердi. Бала көрмей тұяқсыз кетем бе деп жүргенде 
Шарипаға жолығып, сонан соң мына бiр шикiөкпе дүниеге келiп, 
қайран дүние, тағы бiр жайылып салған едi. Япырмай, бұл қуанышың 
артық болды дегендей тағдыр тәлкегi тағы да шүйлiктi. Осынау бiр 
күйкi тiрлiкке шыдамады ма, әлде Садық жас көңiл иесiне олқылық 
келтiрдi ме әйтеуiр, жетiм лақтай маңыратып Айтбектi, сыңарынан 
айрылған қаздай қаңқылдатып күйеуiн тастап, ана бiр бригадирдiң 
етегiнен ұстап кете барды. Сұм тiршiлiк-ай!– деп күңiренерiн күңiренiп 
алса да, iштей Шарипаны ақтап қояды: – Қайтсiн қалалы жермен ара-
ласып өскен адам, далалы жердi жерсiне алмаған ғой. Басы жас, қызық 
өмiр құрайын деген ғой... Жолы болсын, байғұстың!
Сонан кейiн иесiз үй, анасыз балаға ие керек болды. Ұрыс-керiспен, 
қаттылығымен аты шыққанын бiле тұра «Әйел ғой әйтеуiр» – деп 
Қатышқа қолқа салып, үйiне кiргiзедi. Мiне, содан кейiн қазан-ошаққа 
қам жемей, малын бағып кете беретiн болды. Айтбектi де жаман 
қарамайтын сияқты. Қалай дегенiмен де әйел қолы ғой. 
Кешкiлiк тiрлiктi жайғаған соң, күнi бойғы жүрiстен бiр тыным та-
уып, алдына баласын алады. Бала да мәз, әке де риза өмiрге. Қатыш 
кемпiр де қазан асады, үй iшiн жайлаған көңiлсiздiк арыла бастайды. 
Айтбек болса, осы жанға жай сәттiң қысқалығынан, көкесi ертеңгiсiн 
малға кетiсiмен бәрiнiң қайта басталатынынан запы болған. Жақсы 
мен жаманды айыра бастайды, сәби жүрегi сезедi әр нәрсенi. 
– Балам-ай, келшi! Айналайын сенен! – деп айналып, толағанатын, 
осы бiр әдетке айналған шақты тiптi есiнен шығармайды. Әйтсе де, от-
басы тiзгiнiнiң мына бiр кемпiрге қарай ауып кететiнiне түсiне алмай-
ды. 
Жылдар жылжып, күндер сусып өтiп жатыр. Осы бiр шағын жанды 
отбасы арасындағы кикiлжiң, тартыс, ұсақ-түйекке бола шығып жа-
татын ұрыс-керiс, жас өмiрге небiр әсер ететiн жайларды бағдарлап
тiршiлiктiң дәмiн татып Айтбек те өсiп жатты. Уақыт дегенiн iстейдi 
ғой. Тiрi адам тiрлiк етiп тырбанып, келер күннiң қамын жасайды. 
Бұлардың да мимырт тiрлiктерi жалғаса бердi. 
«Жасым келдi, оның үстiне баламды мектепке берейiн деп едiм» 
деп қыңқылдап жүрсе де бөлiмше меңгерушiсi малды өткiзiп алуды 
кейiнге қалдырып жүрiп, әзер дегенде бiреуге өткiздiрген-дi. Соның 
кесiрiнен, жасы асып, есейiп барып Айтбек мектеп табалдырығын атта-
ды. Үй-iшi шағын үйлi, жетi жылдық мектебi бар бөлiмше орталығына 


131
Тіршілік
қоныс аударды. Бұрынғы жалғыздық артта қалып, сұрғылт өмiр рең 
алып, өзгерiп сала бердi. Кеш болса да аяқ басып, баяу жетiле бастаған 
жасөспiрiм балалармен ойнап, оқып, күйбең тiрлiк тауқыметiнен бiр 
сәт те болса алыстап, балалалықтың бал дәмiн тата бастаған болатын, 
қуанышында шек жоқ едi. Бiр кездегi кем-кетiктiң орны толып, балаң 
жiгiт кемелдене бастады. Уақыт сырғып өттi. 
* * *
Қыз жалт бұрылып, жүгiре жөнелдi. Нәзiк денесi бейне бiр жүгiрiп 
емес, қалықтап ұшып бара жатқандай. Қимылдарының әсемi-ай! Айт-
бек қыздың кенет шыққан бұл мiнезiн аңғара алмай, тек Нәркестiң 
сұлу қимылын қызықтап тұрып қалды: 
– Нәркес десе Нәркессiң-ау! Атыңды тауып қойған адамға рахмет. 
Жаның да осындай нәркес, мөлдiр болғай! – деп күбiрледi ол. Осы сәт 
iшiнде көптен бұлықсып шыға алмай жүрген тұңғыш махаббат сезiмi 
бас көтергендей болды. Ақ көйлек киген аққұба қыз қайта қалықтап
Айтбекке қарай ұшып келедi, шынында да ұшып келедi... 
– Нәркес, берi келшi, жақындашы!
– Жоқ, сен маған кел!
– Нәркес, саған бiр нәрсе айтайын ба?
– Айтпай-ақ қойшы, – деп наздана әрi қиыла қарады. Осы шақта 
кiршiксiз таза, нәзiк махаббат жiбi екi жасты жақындастыра түскендей 
болды. Айтбек Нәркестiң жып-жылы сүйрiктей саусақтарын қыса 
түстi. Нәркес те алаңсыз, бақыт құшағына енiптi. Жүзiнде күлкi сағымы 
ойнайды. 
– Айтбек, неге үндемей қалдың?
– Жәй, әншейiн, кейде бiр жабырқау ойлар мазамды алады. Жуыр-
да бiр ақынның кiтабынан оқыған:
Қорқамын соққан желден даладағы
Үзер деп нәзiк жiптi арадағы, – деген өлең жолдары есiмде қалыпты. 
Сол айтқандай, сәл нәрседен қорқамын. Кейiнгi күндерi осындай ой-
лар меңдеп алды. 
–Түу, тiптi жоқ нәрсенi айтып кеттiң ғой. Қорқытпашы менi. Жүр, 
онан да анау төбенiң баурайындағы гүлдердi терейiк. 
Нәркес Айтбектi қолынан жетелей жөнелдi. Күлiп барады олар. 
Бақыттың, қалтқысыз сенiмнiң күлкiсi. Сыңғыр-сыңғыр... Жас жан-
дарға, алғашқы махаббат құшағындағыларға тән, жарасымды күлкi. 
Ауылдағы жетi жылдық мектептi тәмәмдап, одан әрi оқуға жағдайы 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет