158
Клара Қабылғазина
адам аурасының теке тiресi ме екен?! Адам мен қоғамның қатынасы
ажырап, ашыну пайда болған жерде адамдардың ниетi өзгередi. Ал,
«ниет пен ынтымақтан кеткендердi құдай да апатын, ауырлығын
жiберiп жазалайды» – деушi едi марқұм әкесi. Оған елдiң де көзi жетiп
келедi. Ендi не iстеу керек? Ашынып, халықтың пиғылы өзгермес үшiн
олардың тұрмыс-тiршiлiгi жөнделуi қажет. Оны кiм жөндейдi? Кiм-
кiмге қайыр жасайды? «Ойлай бiлетiн санаткерi бар халық бақытты»,
– деген ұлы орыс жазушысы Антон Чеховтың сөзiн оқып, жадында
сақтап қалған едi. Басшылар, қоғамның тiзгiнiн
ұстап отырғандардың
терең ойлауға түсiнiктерi жетпеуi мүмкiн бе?! «Бас-басына би болғысы
келетiндердiң» көбеюi де жақсылық емес-ау! Қолында дипломы бар
мұның өзi жұмыссыз, елдiң бағалауынша»талантты журналист, проза-
ик»… Бiрлi жарым достары көмектесiп, әупiрiмдеп шығарған әңгiмелер
жинағын өзiң сатып, баспаға ақшасын қайтар деп,
қолтығына қысып
жiберген… «Менiң жазғаным едi, ала қойыңызшы» деуге аузы да барар
емес. Көркем шығарманы қойып, тамағына көк тиыны жоқтар бұның
кiтабын қайтсын… Сонда бұл не тiршiлiк? Мақсат, мүдде не болғаны?
Қарынның қамын ойлаудан аса алмаған ұрпақтан не күтпекпiз? Ин-
теллект, ой-өре тек қарын қамын ойлағандардан шыға ма? Осындай
толып жатқан ой құрсауынан шыға алмаған күйi Ақжан қайтар жолға
жиналды.
Пойыздан түсiп, аялдамаға келгелi талай болды. Маршрутты ав-
тобус келмей, қымбат алатындары ағылып, бiрiнен кейiн бiрi бос
тоқтауда. Әдемi,
жас қызға жолаушы тасып, ақша тауып жүргендер
терезелерiнен телмiре, сүзiле қарайды. Қалжыңдауға қабағы қатыңқы
жас сұлуға батыңқырамай, қарай-қарай өтiп жатыр.
Ақжан кеткен бiр айда ештеңе өзгермеген екен. «Келдiң бе, кеттiң
бе? Кiмсiң, несiң?» деген ешкiм жоқ Баяғы ағылған, әлдеқайда асыққан,
ерсiлi-қарсылы сабылған жұрт. Ағылған, көздiң жауын алатын шетел-
дiк машиналар, қарапайым тобыр, бiрi қабын, бiрi түйiншегiн көтерiп,
әрлi-берлi сарсылып,
бiрi жаяу, бiрi жол күтiп телмiредi. Сырты жыл-
тырап тұрғаны болмаса өзiнiң де осындай бейшаралық халде екенiн
тағы да мойындады. Бiр жұмыс табылса… Орталық газетттiң бас-
шысы мығым денелi, қасқа бас жiгiтттiң ешкiмнiң талантына бас
ұрмайтынын, тек сұрағанын берсең жұмысқа алатынын естiген. Оған
берер қаржы қайда? Қайтар жолына там-тұмдап, жинап зорға жетiп,
автобустың арзанын күтiп тұрғаны мынау. Бiрден-екiден сатып беруiн
сұрап, кiтаптарын бiраз адамдарға қалдырып едi… Егер олар сатыл-
маса,
тамағына, пәтерақысына қарыз сұрамақ... «Кому на Руси жить