162
Клара Қабылғазина
пәтерiнiң есiгiн ашқанда қолдары дiрiлдеп, табалдырықтан зорға атта-
ды да киiмшең күйде төсекке құлай кеттi.
Сол жатқаннан жатып ертеңгiсiн бiрақ тұрды. Табиғаттың жараты-
лысы да қызық. Түн қараңғылығы түнектей ойларды миыңа тықпаласа,
жарық күн қайтадан үмiт отын жаққандай болады. Умаждалған үстi-
басын ретке келтiрiп, бет-ауызын жөндеп столға отырды да,
қара шай-
ын ұзақ iштi. Дүкеннен әкелiнгелi бiрталай болған нан да әдеттегiден
дәмдi көрiндi. Пұсырманға барып келудi ұйғарды.
Пұсырманның алғашқы пәк, ақ махаббаты Айнашқа арналған-ды.
Бiраз уақыт кездесiп жүрдi де, қыз оны босқа үмiттендiрмейiн дедi ме,
әлде бала жiгiт көңiлiне олқылық еттi ме әйтеуiр, жанына жолатпай
қойған. «Басым бос емес, сен мұнан кейiн менiң мазамды алма» деген
Айнаш сөзiнен кейiн күрт өзгерген Пұсырман үн-түнсiз уайымдап жа-
тып алатын болған. Соның көңiлiн аулап барып шықпаса, арқа тiрер
сүйеуi, ақылдасар адамы болып көрмеген
жастың өмiрдiң алғашқы
соққысынан-ақ баз кешiп кетпесiне кiм кепiл? Сондықтан, жанында
болып, әңгiмелесiп, өзiнiң де көңiл-күйiн көтермек болып шештi. «Ба-
сымда баспана болса, қасыма алып, бiрге тұрар едiк, туған бауырла-
рымдай көрер едiм… Әттең, оған өзiмде де жағдай жоқ қой…» деп жиi
ойлайтын Ақжан. Балалар үйiне барған сайын еркек болса «папалап»,
әйел болса «мамалап» жабыса кететiн бүлдiршiндердi көрген сайын
да жүрегi ауырады. Тағдырдың тәлкегiне түсiп
отырған нәрестелердiң
жазығы жоқ-ау! Солардың көзiн жаутаңдатып тастап отырған,
нәпсілеріне ие бола алмаған, ертеңін ойламаған қыз-келіншектерге
зауал. Әрине, еркектің аты еркек, бала белде, қатын жолда. Жарық
дүниенiң есiгiн шыр етiп ашқаннан көздерi жасқа, жандары налаға
толы бейкүнә балаларға жаны ашиды. Бәрi де ананың аялы алақанын,
жылы сөзiн аңсайды. Олардың бәрiнiң көздерiнен сол үмiт сезiлiп
тұрады. Кеудесiнде сезiм оты бар әр адамның оны байқамауы мүмкiн
емес. Кейiннен олардың «мамалаған» дауыстарына мұның да етi үйре-
нiп қалды. Ең алғаш бiрнешеуi
бұған жабыса кеткенде, олардың үнi
құлағынан кетпей, көз алдына елестеп, ұйықтай алмай шыққан едi…
Жол-жөнекей тағы редакцияларға, бiр-екi мекемелерге кiре кетудi
ұйғарды. Көпшiлiгi «бар жерде қысқарту жүрiп жатыр, өз адам да ры-
мы з ға да жұмыс жоқ» дейдi. Көз таныстар: «Бiрдеңенiң шетi шықса ал-
дымен саған хабарлаймын» деп есiктен шығарып салады. «Өлмегенге
өлi балық жолығар» деген деп тағы да бiраз аралап шықпақшы бо-
лып, көлденең жолдарды тiкесiнен кесiп өтiп, тартып келе жатқан
едi. Машинаның бипылдатқан даусы естiлiп,
жалт қараса бұны танып,