Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет82/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

ТАРБАҒАТАЙ ТАҢЫ
(Болған оқиға желісімен, әжем Бапарияның әңгімесін 
негізге алып жазылды)
Жұрт әбігер. Апалаң-топалаң. Біреуді біреу біліп болмайды. «Әй! 
Әй!» деген әрі өктем, әрі асып-сасып шыққан дауыстар болмаса, 
түсіндіріп, ұқтырып жатқан бір пенде жоқ бұл жайды. Сырттан қараған 
адамға әйтеуір бір зобалаңның тықыры таялғаны сезілгендей... Таң 
қараңғысында шырқы бұзылған сәби жөргекте шырылдап, мына бір 
қымқуыт қарбаластың сұрқын кетіріп, әтуірін ала түскендей... «Ал, 
аттандық!» деген көш басы, ауыл азаматының гүр еткен дауысымен 
қоса, ерлер жапа тармағай атқа қонып, бала-шаға, қатын-қалаш арбаға 
мінгені арбаға, жаяулары жаяу, қараңдап, зор денесі ала кеуімде одан 
да зорайып, ат үстінде отырған адамның артынан шұбай жөнелді. 
Бұл көштің басында бай боп аты шықпағанымен, өзіне жетер дәулеті 
бар, айтса ауылына сөзі жүретін, мінезді, жүректі Жабықбай еді. 
Үйелмелі-сүйелмелі жеткіншектерін арбаға отырғызып, олардың ана-
сы құдай қосқан қосағы Бапарияны ілестіріп, жүріп кетті. Көкірегінен 
әлде бір нәрсені бір тылсым күш сыздықтатып, суыртпалап әкетіп 
бара жатқандай, күй кешіп келе жатқан әйел артына бұрылып еді, 
көкжиектен алқызыл сәулесін жалқындата, қара көк түн шымылдығын 
ысыра тастап, аспанға көгілдір жібек пердесін құра, құлан иектен таң 
атып келеді екен. Табиғатынан көкірегі ояу, жаны сезімтал, жүрегі 
жыршыл келіншектің көзінен жас тамшылары үзіліп, омырауына 
түскен еді. 
Көк жиекке дейін көсілген сар даланы тек ақ селеу басқан. Аспан 
мен селеулі даланың астасқан жерінде маң Маңырақ, саялы Сауыр, 
тағдыры тарау Тарбағатай сілемдері мұнартты. Одан әрі қарай Жоңғар 
жоталары жалғасып жатыр. Әйтеуір сол таулардың қойнауына бір 
жетсек деген үмітпен ілгері жылжыған көштің арттарына қарауға 
мұршалары жоқ. Арт жақта тек сусыз-елсіз, ұшы-қиырсыз дала қалып 
барады. Жергілікті адамдар болмаса қай жерде ауыз су барын тауып 
алудың өзі қиямет. Көл-өзен дегендеріңе бұл өлкеге табиғат сарандық 
жасаған. Осы сусыз жердің өзінде кімнің қанжары қан төкпеді дейсің?! 
Осы далиған даласының отын оттап, суын сулап жүрген қазекеңдерді 


169
Тіршілік
біресе жоңғарлықтар шапқыншылығы жайпаса, бірде қалмақтар 
қырып, енді бірде қара қытай қаһарын төккенде де талай-талай 
аумалы-төкпелі заманды бастан өткеріп, енді біраз тынышталғандай 
болатын. 
Ата мекеннің тобылғылы, торпаңды, нулы-сулы деген жақтарын 
мекендеп, ерменді, жусанды жағын жағалап жүрген Қараша, Бо-
лат, Төртуыл әулеттері сияқты рулы елдің сонау Ресейге жақын 
қоныстанған қазақ руларынан жетіп жатқан дақпырттардың арты 
шынға айналып, енді не істерлерін білмей дал болғандарына біраз 
болған еді... 
«Қанды тырнағын халыққа батырып, салықтан салық салып, 
сүлікше сорған Николай патша тақтан құлап, бүкіл Романовтарды 
тұқым-тұяғымен Сібірге жер аударыпты-мыс. Өкімет басына кел-
ген қызылдар сол жақта патшаның үрім-бұтағын сендер бұл жарлы 
жақыбайға не істемедіндер?» – деп қуып жүріп қырыпты-мыс. Олар-
ды қызылдар дейді екен, кеңестіктер деген бір аты тағы бар. Өздері 
қарапайым елдің қамын жейді деген тәуір хабар жеткелі де бірталай 
болған, сөйткен қызылдар өздері келіп, «бәленбайдың ауылын шауып 
кетіпті», «түгенбайдың ауылын орнымен отап кетіпті» деген дақпырт 
дүдәмал тудырғалы елде маза жоқ. Патшаның туын көтеріп, жоғын 
жоқтағандар соның заманын көксегендер көтеріліп, олардың ақ гвар-
дияшылар аталатынын, солардың аңқау, надан елдің ойын ойыстыру 
үшін біресе қызыл боп киініп, біресе ақ боп келіп, елдің есін алатын 
саясат екенін ұғатын хал халықта жоқ еді. Сондықтан да үдере көшкен 
беттері. Алғы бетте – Қытай елі. Ол жақта да күлімсіреген күннің күтіп 
тұрары анық емес. Әйтеуір ол жерде бұрыннан тұрып қалған қазақтар, 
ұйғырлар бар екен... Соларға біртіндеп сіңіп кетсек, болашаққа 
ұрпағын сақтасақ деген ғана арман жетелеген еді... 
Аттың аяңын, қатан-қалаш, бала-шағаның сылбыр жүрісін есеп-
теген көш басы енді бір-екі күнде Тарбағатай сілемдерінен асса, түн 
жамылып шекарадан өтсе, артынан ерген елді есен-аман жат жердің 
топырағына іліндірсе, ар жағында жергіліктілермен сіңісіп, арала-
сып ел боп кетерміз деген оймен дамылдап, ат шалдыруға, аялдауға 
әмір еткен-ді. Қуып келе жатқан қуғыншы жоқ қой деп өзін-өзі 
саябырсытқан болатын. Бірақ ол өз ішінен жау шыққанын білмеді. 
Атаққұмарлық, жағымпаздық, іштарлық сияқты жаман әдеттерді 
құдай «әп» деп жаратқанда қазекеңе молырақ бергенін кім білген! 
Жергілікті жерде патша өкілі болып саналатын, халықтан алым-
салық жинайтын, ағзам бұйрығын жеткізуші, елі ішінде «қара дүлей» 


170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет