103
Тіршілік
кетіпті... Қолдарымен қармалап, қызының қасында екеніне көзі жет-
кен соң ғана «уһ» деген болатын. Осы бір түстен қатты тіксінген ол,
еңсесін езген көңілсіздіктен арылғысы келгендей жан-жаққа қарап,
көңілін аулағансыды.
Қарсы алдындағы алаңқайда жүрген екі төбет біресе бірін-бірі
қуып, шапқылап жүгіреді.
Біресе иіскелесіп, бір-бірлеріне деген
сүйіспеншіліктерін білдіргендей қатарласып, бүйірлесіп жатады.
Әйтеуір, ит екеш ит те өз теңімен жарасым тапқандай... Кенет әлдебір
қанден келді де, олардың бұл күйлеріне қызғаныш білдіргендей, шәу-
шәу етіп, үре бастады. Еркек төбеттің құйрығын иіскелеп, тістелеп
көріп еді,
қаншығы арп етіп, қауып алды. Сонан соң олар «мына бір
жолшыбай қанден мазамызды алды-ау» дегендей орындарынан
тұрып, бірінің артынан бірі қуалап кете барды. Қанден болса үруден
ұлуға көшіп, тәні де, жаны да ауырып, көште қалғандай қала берді...
Қарсы жақтағы орындықта отырған қыз бен жігіт те аймаласып
қоймады. Олардың өлердей өбіскендері мұның жүйкесіне тиген соң
үйіне қайтуға жиналды. Үйде тағы сары уайым жегідей жеді. Демалыс
күндері де шаршатып жіберді. Жұмыста болса қызметтестермен ара-
ласады, әңгімелерін тыңдайды, өзінің сырларын айтады.
Айлап-жылдап
жататын ауруларға медбикелік көмегін жасайды, әйтеуір уақыт өтеді.
Есейіп қалған қыз да тыңдамайтын болып барады, үйге тоқтамайды.
Тым желігіп алған, көктем әсер етіп тұр ма, боянатынды, үйге тым кеш
келетінді шығарды. Осындайда әкенің бір ауыз сөзі қажет-ақ екен...
Бірақ әкесі бар өзі қайтті?! Осы қызынан сәл-ақ үлкен кезінде еркектің
қойнында жатты емес пе... Он сегізінде осы қызды туып алды ғой...
«Қазаннан
қақпақ кеткен соң, иттен ұят кетеді» дегендей алғаш ар
пердесіне жол салған жігіт те жиі келетінді шығарды. Сөйтіп, аяғының
ауыр болғанын да білмей қалды. «Жастық па, жастыққа мастық па»,
әйтеуір, тағдырына жайсыз өзгеріс енді. Абыройдан айырылған соң,
әрі қарай дұрыс отбасын құра да алмады. Сөйтіп жүріп талай еркектің
«дәмін» татты. Бала-шағасы барлардың ойнап кетер ермегі болды,
бойдақтар күлкіге айналдырды.
Күндердің күнінде орта жасты алқымдаған, өзінің әкесінен де
әжептәуір үлкен адам кездесті. Содан бері
өміріне өзгеріс енгендей
болды. Жиі-жиі кездесуге шақырып, қайта-қайта телефон соғып,
сағынғанын, көргісі келетінін айтып әйтеуір, билеп-төстеп алды. Шын
сүйетінін, өз отбасынан кететінін айтып әбден сендірді. Ермек болсын
деді ме, әлде осы бір жақсы күндерінен естелік қалдырғысы келді ме
өзі де білмейді, әйел әдетінде жоқ болса да күнделік бастаған...