Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет33/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
Тұрғандар ыңғайсыз жағдайға түскендей болды. Бека томпаңдап 
оның артынан кетті. Айтолқын да: «Япырмай, мынау бір діңкілдеп 
қалған адам ғой»... деп іштей әбіржіп қалды.Қолдарына арақ-шарап, 
шырын, сусын сияқтыларды жүре ішіп жүрген топты асаба дастархан 
басына шақырды.
– Бүгінгі той дастарханының не үшін жайылып отырғаны сіздердің 
барлықтарыңызға түсінікті. Біз үшін бұл жердегі ең қуанышты жайт 
осы жерге Рақаңның, яғни Рақым Асановичтің келуі.
Тобыр ду қол шапалақтап, бәрі әлдене лебіз күткендей жаңағы қозы 
қарын, бұғағы салбыраған ақ құба жігітке күнге қарай күнбағыстың 
бұрылғанындай жапырыла қалды.
Асаба сөзін жалғастырды.
– Бәрімізге, бүкіл елімізге, шетелдерге танымал қоғам қайраткері 
Рақаңнан сөз күтеміз.
Орнынан маңғаздана көтерілген жігіт той иесін құттықтаған 
сыңай танытып, орысша сөйледі. Әлденелерді айтты, Айтолқын 
онша түсінбеді.- За это поднимем, – деген кезде бәрі жапатармағай 
орындарынан тұрып «Рақаң дұрыс айтады», «керемет сөз», «тамаша 
ой», «қандай тост, қандай тостер!» т.б. деген сияқты жанама жары-
спа сөздерді үйіп-төгіп жатты. Жағымпаздардың осындайларын-ай, 
ой, аллай», – деп Айтолқын ішінен ойланып қояды, – әй, мынау мені 
көзіне іле қоймас...
Қолдарындағы сыңғырлаған бокалдарының шетін Рақаңның бо-
калымен тиістіріп қалуға тырысып, анталаған ел оны қоршап алды. 
Қабағын шытып, оны жақтыртпаған мықты қолын «кетіңдер» дегендей 
сермеп еді, әлігі тобыр тәп-тәртіпті мектеп оқушыларындай тынып, 
орындарына отырысты.Мықтылар тамаққа қол салып, ауқаттана ба-
стады. Сан түрлі тағамды ұсынып, қайсысын саларын білмей, дәті бар-
май даяшы тұр. Рақаң әйтеуір ананы- мынаны аузы қомпаңдап, жеп 
болған соң, той иесіне бірдеңе деді де, орнынан тұрып кетті. Кетуге бет 
алғаны болу керек, жамағат жапырыла орындарынан тұрып, той иесі 
қалтаңдап шығарып салды, жанындағы оққағарлары ма, көмекшілері 
ме ілесе шығарып салып кетті.
Басының терін сүртіп, есін әзер жиып, орнына келіп отырған той 
иесі жүк түскендей «уһ» деп демалды, оның кеткенінен жеңілдегендей 
еркін отыруға көшті. Айтолқын көкіректері көкті тіреп тұрған ығай мен 
сығайлардың да мысын басып кеткен мықтының өзін көзіне ілмегеніне 
қуанбаса өкінген жоқ. Гүләй да қипақтап:


73
Тіршілік
– Подруга, мен өзім де оны онша танымаушы едім... Бека таныс ты-
райық деген соң... Сені көзіне ілмей кетті-ау... Бірақ мінезі шатақ екен... 
Өзім де қорқып қалдым..., – деп ақталып жатыр. Өзіне таныс емес 
ортаға тосырқап, танитындары да болмаған соң бұның да өнбойын 
көңілсіздік басып, той аяғына дейін әзер шыдады. Гүләй да: «Сені үйіңе 
қазір апарып тастайды. Үйіме шақыра алмай тұрмын. Ренжімеші... 
Бека бүгін отбасына бармай, менімен болмақ...», – деді.
– Әрине, әрине, оның не құрбым-ау, үйіме-ақ барамын...
– Кейін көп нәрсеге үйренесің. Қазір маған ренжіме.
– Жақсы, бара бер, ешқандай реніш жоқ. Такси ұстап-ақ қайта 
беремін.
– Жоқ, тіпті болмаса апарғызып салайын.
Гүләй жүгіріп, Бекасына әлдене деп еді, анау қабағын шытып, жауап 
берді. Өте беріп, жолақылық пұлын Айтолқынның қолына қыстырып 
үлгерген Гүләй артына қарауға шамасы келмей, жүгіріп кетті. Жалт-
жұлт етіп, зуылдап тұрған көліктеріне отырып жүріп-жүріп кет-
кен қонақтардың соңында жалғыз өзі қалған Айтолқынның жаны 
жабырқап, көште қалғандай сезініп, әйтеуір бір машинаны тоқтатып 
үйіне әзер жетті. Бойын билеген сезімді түсіне алар емес. Анау кет-
кен топтың өміріне қызыққаны ма, әлде бейтаныс әлем иелерін 
тосырқады ма, бұл өмірдегі тозаң құрлы тірлігіне намыстанды ма, 
әйтеуір, булығып, өксіп ұзақ жылады.
Самбырлап сөйлеп, анау үлкен өмірден хабардар етіп тұратын 
Гүләй құрбысы да құлағына телефон іліп, жұмсақ креслода, жылы 
жерде отыратын жұмысқа ауысып кеткен. Өзіне орындауға тиісті 
жұмыстарын жанын сала атқаратын Айтолқынның ештеңемен ісі жоқ. 
«Жылдың қорытындысы шығарылады, озаттар айтылады, марапаттар 
болады екен» деген соң фабрика ұжымы үлкен залға жиналуда. Толық 
сары әйелді жұмысқа орналасарында бір көріп еді, енді міне ұзын стол 
басында сол және бірнеше ер адам, әйелдер отыр . Кәсіподақ комитетін 
басқаратын сол әйелдердің бірі екен.
– Құрметті біздің әріптестеріміз! Міне, жыл да аяқталды. Бұрынғы 
дәстүріміз бойынша жылдық қорытынды шығару сәті келді. Сол 
үздіктерді жариялап, марапаттау үшін директорымыз, аса қадірлі 
Жанұзақ Сәндібаевқа сөз беріледі.
Қымбатты, жігіттер, қыз-келіншектер! Келе жатқан жыл бәріміздің 
отбасымызға тек жақсылық, табыс әкелсін! Ал, енді марапаттауға 
көшейік. Сонымен «Ең таңдаулы бригадир» атағы және 1,5 айлық 
сыйақы Әсем Белгібаеваға. Ду қол шапалақ!


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет