75
Тіршілік
– Неге?
– Сен байғұс, әне бір оқиға болмағанда... Нағыз нетронутая, мо-
нашка – красавицасың ғой... уәде бересің бе, маған?
– Не деп?
– Ойбай-ау, бағанадан бері не айтып тұрмын. Дикая, дикая... Не де
болса, ертіп апарамын. Өйткені, обещала сұлу,
свежая особаны тауып
берем деп. Давай, тез киін.
– Жәрәйды, ал жасандыр!
– Осы бір жаңадан алған көйлегім маған онша жараспайтын
сияқты.Ал саған қатып кетеді. Қане,қане маған қарашы... Шынымен-
ақ құлпырып тұрсың... Мына Мәкең ұзын шашты сипағанды жақсы
көреді дейді, қысқа шаштар қолына толмайтын көрінеді... Значить
ұзын шашың пойдет.
– Мәкең кім ол?
– Зачем тебе? Барған соң көрерсің. Енді сәл ерніңді боя, сәл- сәл
қызарту керек. Аһа, тамаша! Сенің мына бүртиген ерніңді сүйген де
зар, сүймеген де зар шығар-ау! Әй, жігіт болсам
өзіңді ешкімге бермес
едім...
– Қойшы, мақтай бермей...
– Шын айтам, бір маңдайы жарқыраған еркектің әйелі боларсың-
ау. Әдемісің, ақылдысың... Мінезің де жақсы... тек, сәл жолың болмай
тұр. Айтпақшы, сыртқы киімің де жұтаң ғой... Менің мына бір құндыз
тоным саған қатып кетеді. Мә, ки, тү-у-у, тіфә, тіфә!
Жайнап кеттің
ғой... Әне бір мықтының қатынының түрін көрсең ғой. Кім еді?! Ой,
әлгі министрдің орынбасарының қатыны ше? Божбандай қара, танауы
аспанға қарап тұр. Сөйтіп тұрып тонның түр-түрін киіп, бізді көзіне де
ілмейді. Құдай соларға бере салған ғой... Ой-бу, уақыт болып қалыпты
кеттік, жүр!
Екеуі күтіп тұрған машинаға мінді. «Мәкеңнің үйіне!» – деді
шопырға. Жол- жөнекей шашылған әтірдің жағымды иісі көңілді
сергітіп, Айтолқынды әлде бір сезім билеп,
өмір бойы осылай
жүргендей, шалқып, кимнің буы ма, астындағы «жүрдек сылқымның»
буы ма әйтеуір масаңданғандай болды. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен
жүйрік пе?» деген-ау! Өзін бір бастықтың әйелі етіп елестетіп, жымиып
қояды.
Зуылдаған машина қаланың шет жағындағы үлкен үйге келіп
тоқтады. Биік дарбазаның арғы жағындағы үйдің шамдары осы
мекеннің салтанатын
білдіргендей жарқырап, шақыра түскендей.