210
Клара Қабылғазина
кіта бың не жоқ болуы, не парақтары жыртылған болып шығуы сияқ-
ты келеңсіздіктер атымен жоқ. Әрине, осындай қызметтен кейін жас-
тар дың зығырданы қайнайды, қоғамға деген, өзі өмір сүріп
отырған
ортаға деген көңілтолмаушылық сезімі пайда болады.
Біздің мемлекетіміздің кітапхана жүйесін реформалаудың қажет тігі
туындап тұрған сияқты деген ой келді осы жайдан кейін. Студенттер-
ге, жалпы оқырманға деген қамқорлық сапасын арттыру – білім са-
пасын жақсартудың бір шарасы екендігі түсінікті. Тағы бір бай қал ған
жай-кітапқа құмарлық оларда басым екен. Метрода кітап қа шүйіліп
отырған жастарды да, үлкендерді де, тіпті балаларды да көп кез дес-
тір дім. Электронды гаджеттерге үңілу кезеңі олар үшін өтіп кеткен
сияқты.
Көңілтолмаушылық дегеннен шығады, Америкада жүрген
қазақ
жастарының біразымен, басқа да ТМД мемлекеттері өкілдерімен
әңгімелестім. Тимур: – Қазақстаннан мұхит асып келгеніме жеті жыл
болды. Басында қатты қиналдым, бұл жақта жергілікті тілді білмесең
өте қиын. Алғашқыда кафелерде ыдыс жудым, тамақ тасыдым. Кейін
тілді меңгерген соң, метрополитенге
екі рет сынақ тапсырып, оның жа-
уабын бір жыл күтіп, жұмысқа кірдім. Біздің елдегідей Мәке, Сәкелер
арқылы жұмыс табу дегенің атымен жоқ. Тағы да біздің жақта жалақы
өте төмен, жас мамандарға алғашқы кездері 70-80 мыңнан артық
айлық төленбейді. Онымен күн көру мүмкін емес. Сөйтіп ертеңге де-
ген сенім жоғалады. Болашағыңның күңгірт екені еңсені езеді. Мұнда
жұмыс берушілер өте қатал шарттармен қабылдайды,
жұмыстан
кешігу, бармай қалу сияқты жайлардың себебін сұрамайды да, бірден
шығарып жібереді. Сол талаптарға орай ақысы да есептеледі. Жалақы
бұл жақта сағаттап төленеді. Әбден орнығып алған соң, елге барып
үйленіп, кейін әйелімді алып, қайта келдім. Бұл жақта заң қатал,
тәртіп бар, жақсы еңбек етіп, көзге түссең еңбегің бағаланады. Енді
пәтер сатып алуға дайындалып жүрмін. Елге қайту ойымда жоқ. АҚШ
азаматтығын алуға әрекеттеніп жатырмын.
Гаухар: – Бостонда оқимын. Оқуымды
бітірген соң мен де қалмақ-
шымын Америкада. Өйткені, мұндағы білім сапалы беріледі. Біздегідей
интернеттен көшіріп немесе шпаргалкамен тапсыру дегенің мүлде
санаға кірмейді. Міне, екі айлық демалысқа бара жатырмын, алайда
екі аптадан соң кеткім келеді. Өйткені, ондағы өмір, жайбарақаттық,
салғырттық, тәртіптің жоғы, заңның әлсіздігі, парақорлық сияқты
жайлар жүйкеме тиеді.