Класс: 11 "C" Тақырыбы: Су



Дата25.06.2018
өлшемі152,5 Kb.
#44196

Оқушының аты-жөні: Болатқызы Ләззат

Класс: 11 “C”

Тақырыбы: Су

Зерттеу сұрағы: Су тапшылығының апарып соғар зардаптары бар ма?

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме

Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

--------------------------------------------- (Қолы)

10/III/2014 ж (Мерзімі)



Кіріспе

Су адамның адамның ажырамас бөлігі. Жер планетамыздың өзі су құдіретінен пайда болғаны анық. Су пайдалану шарасы бойынша да ең қажетті нәрсе, тіпті біздің денемізді 70 пайызы судан тұрады. Сусыз, адам тек бірнеше ғана күнге шыдай алады, егер де оның соңы әрине, көлемді ауруға немесе өлімге әкелмесе... Су тіршілігі мен адам өмірі тікелей байланысты. Ал адамзаттың бүгінгі іс әрекеттері , күнделікті тіршілік иесіне, суға, ауаға деген көңілдері қолды сілтей салғандай. Осы адамның табиғатқа деген көңіл аудармауы, оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Бабалаларымыз айтқандай «Су тіршілік көзі», бұл сөздің түпкі түйіні бар. Өйткені, тірі жанның күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Алайда, құдіретті жаратқанның берген үлкен несібесін ысыраппен пайдалану-қазіргі кезде үлкен проблемаларға әкеліп соғып отыр, ол - су тапшылығы. Су тапшылығының әсерінен, әлемде мыңдаған адам дүниеден өтуде, біразы үлкен емі жоқ ауруларға шалдығуда, онымен қоса, су тапшылығынан елдің экономикасы да үлкен дәрежеде құлдырауда. Әрине, бұл мәселенің пайда болуына қандай да бір факторлар әсер етеді, тек халықтың ысырапсыз пайдалануы ғана емес:

  • халық санының көп болуы;

  • су ресурсын ысырапсыз пайдалану;

  • су ресурсын қолданудағы сақтау органдарының болмауы;

  • климаттың өзгеруі.

Белгілі бір себептерден болған үлкен жаһандық проблемалар қатарынан, қазіргі кезде су мәселесін де көруге болады. Дегенмен, су дағдарысы дүние жүзінде басталғалы біраз уақыт болды. Ал, сіз бұл мәселенің әсерінен туатын зардаптар туралы, бір сәтте болса да, ой толғандырып көрдіңіз бе? Осы су тапшылығының әсерінен, мыңдаған адамдар зардап шегуде, экономикасына, саяси тұрғысына да тигізер кері әсері аз емес. Су ресурстарының жетіспеушілігі ұлтаралық және регионалдық дәрежеде белгілі бір елге кері әсер ету арқылы, сол елге көршілес жатқан, жақын мемлекеттерге зардабын тигізеді. Соның ішінде, елдегі агроөнеркәсіпке жаппай кері әсерін тигізеді, мемлекет кедейлігіне, яғни экономикасының құлдырауына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде, көптеген елдер зардап шегеді. Міне, судың адам өмірінде ең қымбат, ең қажет екеніне, оның барлық затқа тікелей қатысты екеніне көз жеткіздіңіз бе? Сондықтан, бұл мәселеге үлкен көзқараспен көңіл аудару қажет.

Бұл эссе жазудағы ең басты мақсатым - су ресурсының тапшылығындағы негізгі зардаптарды анықтай отырып, белгілі бір деңгейдегі көзқарас тудыру.

Жалпы, зерттеу жұмысымның негізгі идеясы - су тапшылығы мәселесінің жаһандық проблемалар қатарына жататын, көлемді мәселе екенін көрсету, яғни су аздығының зардаптарының зерттеу, нақты фактілерге сүйене отырып, зардаптарының деңгейін анықтау, сонымен қатар су тапшылығы мәселесінің шешу жолдары қатарын қарастыру, яғни су зардабын болдырмайтын шешу жолдарын анықтау, анализдеу.

Менің зерттеушілік эссемде, су тапшылығы туралы, яғни су тапшылығының әкелетін зардабы туралы екі жақты көзқарастар, соның ішінде зардабы болдырмайтын шаралар жолдары туралы, аргументтер, нақты фактілер болады.

Негізгі бөлім

Ең алдымен, су тапшылығы жөнінде тоқталып кетейік. Су тапшылығы дегеніміз - белгілі бір аумаққа пайдалануға кететін су ресурсының көлемінің аздығы. Бұл мәселе әлемдегі барлық континенттердегі тұрғындарды, 2,8 миллиард адамды жылына бір ай (кемінде) толғандырады. Қазіргі таңда 1,2 миллиардтан асқан адам су тапшылығының зардабын шегіп отыр. Жалпы, су тапшылығының негізі екі механизмдікке бөлінеді, яғни бірі физикалық, екнішісі, экномикалық. Физикалық механизм - су тапшылығының болуы тікелей климаттық өзгеріске немесе, климаттық жағдайдың сол аумаққа деген сәйкессіздігі, яғни сол аумақты қамтамасыз ете алмауы. Ал экономикалық су тапшылығы дегеніміз - елдегі су ресурсының болуына қарамастан, мемлекет органдарының оның қалай пайдалану, жұмсау шараларын дұрыс іске асырмауы. Ал осы екі негізгі су тапшылығының механизмдерінен белгілі бір аумақ зардап шегеді. Әрине олар мынадай зардаптарға тап болады:

  • денсаулық (аурулардың пайда болуы)

  • аштық

  • экономика құлдырау (кедейлік)

  • білім жүйесі

Алайда, бұл үлкен зардаптарға қарамастан, қазіргі таңда су тапшылығын болдырмау үшін белгілі бір деңгейде шешу жолдары қарастырылуда. Сондықтан, су тапшылығы болса да, зардабын көрмей тұрып, мәселені шешуге болады.

Су тапшылығының әсері, ең бірінші, денсаулыққа үлкен зардап әкелетінін жоғарыда көрсеттік. Белгілі бір деңгейдегі су тапшылығының әсерінен адамдардың аурауға шалдығу деңгейі өсуде. [http://www.water-for-africa.org/en/trachoma.html] Солардың бірі, адамдарға бір-бірінен таралатын көздегі жұқпалы ауру- трахома. Трахома ауруы- көздегі инфекция болып табылады, сонымен қатар ол соқырлыққа дейінгі деңгейге апарады. Оның пайда болу себептерінің ең біріншісі, су тапшылығы, гигиена жоқтықтан екен, яғни су аздығынан қиыншылық көретін адамдар шоғыры трахома ауруымен зардап шегеді екен. Әрине, су проблемасы туындаса, ол гигиенамен тікелей байланысты болады. Сонда су тапшылығы гигиенаның жоқтығына әкеле отырып, адамдар аурулардан зардабын көріп отыр. Оған бір дәлел,[ http://barcampca.kg/private-epidemiology/468-traxoma-epidemiologiya-i-profilaktika.html] Африканың, Азияның, Орта және Оңтүстік Американың Австралияның, яғни ең кедей мемлекеттерде трахома ауруы едәуір көп таралған екен. Трахома ауруының әлемдегі мемлекеттерге таралу деңгейі бойынша, Африка және Египетте 90% дейін халық саны осы аурудан зардап шегеді, Индияда 90 % мектеп оқушылары және 76 %әскери адамдар трахома ауруымен ауырады, Палестинада осы аураумен ауыратын 400 000 -ға дейінгі науқастар, 26,2% соқыр адамдар бар. Осы аурулардың көп көлемі төмен дәрежедегі жағдайда өмір сүретін, гигиена деңгейі аз, оның ішінде су тапшылығы қиыншылығында жүрген халықтар екен. Көріп отқанымыздай, Египет, Индия сияқты су тапшы елдердегі қарапайым халық су аздығы әсерінен осындай соқырлыққа апаратын аурау түрінен зардап шегуде.

Алайда, су тапшылығы әсерінен пайда болатын аурулар саны азаюда, яғни су аздығынан, Африка сияқты кедей зардап шегуі азаюда. Өйткені, қазіргі кезде су аздығы мәселесі әлемдік проблемалар қатарының алды болғандықтан, осы мәселені шешуге көп шаралар қолданылып келеді. Соның бірі

[http://www.who.int/blindness/causes/priority/en/index7.html]

Зардап шегуші елдердегі прогресс деңгейі бұл аурулармен күресу шараларымен жүзеге асты. Кедей, су тапшылығынан зардап шегетін адамадарға арналған, көз соқырлығы ауруымен күресу шарасы 2020 жылға дейін созылған жоба екен.1974 жылдан басталған жоба негізі Африка елдерінде, яғни су дефициті жоғары деңгейдегі мемлекеттерге алғашқы көмектер көрсетілу жүргізілді. Сонымен қатар, 1996 жылдан бастап бұл программа Латын мемлекеттерінде жүзеге асты. Яғни, жоба қорытындысы бойынша, Африка еліндегі трахома аурына шалдыққан науқастар саны 69 %-ға төмендеді. Бұндай көрсеткішке дейінгі төмендеу себебі, елдегі су тапшылығының азаюы, сонымен қатар су мәселесін шешудегі бірнеше жолдардың іске асырылуы. Келесі жобалар арқылы, су тапшылығы азайып, оның әсерінен зардап шегушілер саны төмендеді:
1) Change Alife [http://changealifeuganda.org/app/do/info/GetEntry?pageFrom=quarters4water.jsp&gclid=CK_rwZymhr0CFaHPcgodKlEAKg]

2) Do not let our future dry up

[ http://www.unccd.int/en/programmes/Event-and-campaigns/WDCD/WDCD2013/Pages/default.aspx]

http://www.unwater.org/wwd07/flashindex.html

Яғни, бұл фактілерге сүйене отырып, біз су тапшылығының зардабы азаюда, яғни зардабы жоқ болып келе жатқанына көз жеткізе аламыз.

Әлемнің 20 % мемлекеті су тапшылығының қиыншылығын көріп отыр. Соның әсерінен, зардап шегуші елдің экономикасының деңгейі төмендеуде, [http://www.alternet.org/story/101145/the_harsh_economics_of_the_global_water_crisis] яғни азық-түлік кризисі орын алуда, агроөнеркәсіп құлдырауда. "Dow Chemical Company" компаниясының генерал директоры Эндрю Ливеристің өз жұмысы туралы айтқандай, "Су май бұл ғасырдың майы секілді, алайда суды келешекте алмастырушы за жоқ". Яғни, су мәселесі қазіргі кезден бастап ел экономикасының зардабын әкелсе онда болашақта не болмақ? Әлемдік денсаулық сақтау органының мәлімдеуі бойынша, дүние жүзіндегі ауарулар саны 80% -ға дейін барады екен, соның ішінде, 1,6 миллион сәби аштықтан өліп, ал 5000 сәби су тапшылығынан пайда болатын асқазан ауруынан өледі екен, сөйтіп елдің демографиялық көрсеткіші төмендеу арқылы тікелей экономикасын құлдыратады. Тағы да бір дәлел, [http://cis-center.com/index.php/2010-05-17-09-13-25/14-19-2009-/470----------] Орта Азиядағы, таулы аймақтарды есепке алмағандағы мемлекеттер су аздығынан зардап шегуде. Әлемдік ресурстардың Институтының бағалауы бойынша (World Resources Institute), Ресей Федерациясында 293 млрд м3 су көлемі жылына жұмсалады екен. Алайда, елдегі адамдар саны көптігінен және әр адамға шаққанда әр азамат жылына 1700 м3 су көлеміндей жұмсаса, Ресейде су тапшылығы орын алуы әбден мүмкін. Және судың дефициттілігі су ресурстарының болдырмауына, агроөнеркәсіп жұмысының тоталуына т.б. факторларға зардабын әкеледі. Ресей Федерациясының ел ресурсы органының болжауы бойынша, егер Ресейде 2025 жылға дейін су пайдалану деңгейі 1700 м3 қала берсе, онда 2025 жылы елімізде су тапшылығы орын алып, экономикамыздың деңгейі қазіргіден 75% дейін құлдырайды депті. Менің ойымша, су тапшылығы ел экономикасына үлкен дәрежеде зардабын тигіздеі. Өйткені, ел экономикасындағы ресурсатрдың барлығы бірдей су ресурсына тікелей қатысты.



Алайда, қазіргі таңда су тапшылығының экономикаға тигізер ешқандай зардабы жоқ, өйткені су тапшылығы мәселесін ғаламдық проблема ретінде ала отырып оның шешу жолдары ұсынылуда, оған бір дәлел, [http://www.bnews.kz/kk/news/post/135890/] ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстанда су тапшылығы мәселесін шешудің 40-тан астам әдісін қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін ХІ Еуразиялық медиафорум барысында басшысы Нұрлан Қаппаров мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің басты проблемаларымыздың бірі – су ресурстары. Қазақстанда бұл ретте айтарлықтай қиындық туындап отыр және олар болашақта арта бермек. Су ресурстары жеткіліксіз. Алдағы уақытта біз суға тәуелді елге айналамыз және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында су тапшылығы орнайды. Бұл мәселені әртүрлі әдістермен шешуге болады», - деді Н.Қаппаров. 

Оның айтуынша, су тапшылығы мәселесін шешудің 40-тан астам әдісі бар. Қазір бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр. Айтылған сөздерге қарағанда, қазіргі таңда су тапшылығын мәселесін шешудегі көптеген жолдар қарастырылуда. Мен бұл мәселе шешіледі деп сенемін.



Қорытынды

Су мәселесі жай ғана проблема емес. Ол әлемдік үрдістегі үлкен мәселелер қатарынан табылатын көлемді мәселе. Су тапшылығының мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Ал егер, су тапшылығы мәселесі туындайтын болса, онда ел мәселесін көтеруге болатыны белгілі болды, өйткені су ресурстарының деңгейінің аз немесе көп болуы елдегі қарапайым халықтың денсаулығына, аштыққа, мемлекет экономикасына тікелей түрде байланысты.



Алайда, бұл үлкен зардаптарға қарамастан, қазіргі таңда су тапшылығын болдырмау үшін белгілі бір деңгейде шешу жолдары қарастырылуда. Сондықтан, су тапшылығы болса да, зардабын көрмей тұрып, мәселені шешуге болады. Ол үшін, қазіргі таңда әртүрлі шешу жолдары ұсынылуда, және халықтың біртұтастығы және қамтамасыз етілуі үшін жоғары өкіл адамдары бар жағдайларды іске асыруда. Дегенмен, су мәселесі біздің өз қолымыда, суды аяла, бағала, сонда ғана ол да сені қамтамасыз ете алады!

Библиография

  • http://www.alternet.org/story/101145/the_harsh_economics_of_the_global_water_crisis

  • http://barcampca.kg/private-epidemiology/468-traxoma-epidemiologiya-i-profilaktika.html

  • http://www.bnews.kz/kk/news/post/135890

  • http://changealifeuganda.org/app/do/info/GetEntry?pageFrom=quarters4water.jsp&gclid=CK_rwZymhr0CFaHPcgodKlEAKg

  • http://cis-center.com/index.php/2010-05-17-09-13-25/14-19-2009-/470----------

  • http://www.classroom-energy.org/energy_09/4.html (American Petroleum Institute.), (Dept of Energy - Energy Information Administration)

  • http://www.unccd.int/en/programmes/Event-and-campaigns/WDCD/WDCD2013/Pages/default.aspx

  • http://www.unwater.org/wwd07/flashindex.html

  • http://www.water-for-africa.org/en/trachoma.html (United Nations Environmental Programme, 2009).

  • http://web.b.ebscohost.com (Journal of the Air & Waste Management Association 8 басылым 902-908 беттер)

  • http://web.b.ebscohost.com (REN 21, 2010).

  • http://web.b.ebscohost.com (Buran et al., 2003).

  • http://www.who.int/blindness/causes/priority/en/index7.html


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет