Классика деген керемет
Тезис: "Классикалық өнер - тұлғаның рухани байлығының маңызды бастауы болып табылады, сондықтан өзін нағыз білімді және зиялы санайтын адам классикалық өнерді біліп, түсініп және сүюі тиіс".
1. Сізге қандай классикапық өнер үнайды және неге?
2. Классикалық онер деп қандай өнер түрін атаймыз?
3. Сіздіңше, адамның классикалық музыканы мүлдем тыңцамай, тек қана қазіргі замангы музыканы тындауы мүмкін бе? Неліктен?
4. Классикалык өнерді түсінуді үйрену қажет пе?
5. Адамның өмір бойы көркемөнер туындыларына көңіл аудармай өтуі мүмкін бе, қалай ойлайсыз? Мүндай өмірдің қандай кемістіктері мен жетістіктері бар деп санайсыз?
6. Әрбір адамга эстетикалык білім кажет деп ойлайсыз ба?
7. Сіздіңше, адамның эстетикалық білімсіздігі неден, калай көрінуі мүмкін?
8. Өнер туындылары туралы сөз болғанда, талғам жөнінде пікір таластыруга бола ма?
9. Сіздің нені тыңдағыңыз келеді: классик композитордың төл туындысын ба элде оның казіргі заманғы өңделген түрін бе?
©"Бұл кім?" Ойынды өткізу үшін қазақ және элем эдебиетінен 4-5 кейіпкердің сыртқы келбетінің суреттелуін дайындау керек.
Адам, оның сезімдері, ойлары, әрекеті әрқашан да өнердің басты тақырыбы болды. Классикалық шығармаларда адам қалай бейнеленеді? Тұлғаның қандай қасиеттері бізді күлдіреді, қуантады немесе керісінше, ашу-ызаны келтіріп, жиреніш сезімін туғызады? Өзімізді бір сәт осы эдеби образдың орнына қойып көрейікші...
Ойынның барысы:
Ойыншылардың біреуі аудиториядан шығып түрады. Қалғандары классикалық эдебиет кейіпкерлерін тандайды. Тандауда сыртқы келбетінде, мінездерінде үқсастық немесе айырмашылық болуы мүмкін. Ойынға қатысушы дәрісханаға қайтып кіргенде, топтың мүшелері оған өздері тандаған кейіпкерді сипаттай бастайды. Ойыншы кейіпкердің атын, шығарма мен оның авторын атауы тиіс.
Ойын адамның қасиеттері жөніндегі эңгімемен аяқталады (хрестоматия материалдарын қараңыз).
Талқылауға арналган сүрақтар:
• Әдеби кейіпкерлердің портреттерін ашык, есте қаларлықтай ететін не деп санайсыз?
• Оқыған кітаптарыңызда сізді таңдандырып : "Мынау ... қандай үқсас, айнымаган өзі" деген персонаждар кездесті ме?
Жапонның көркем-философиялық эдебиетінің ( классигі Сей Сенагонның "Бас жақтағы жазулар" деген
шығармасынан үзіндіні окыңыздар (X гасыр). Сіз осы айтылған түжырымдармен келісесіз бе? Бұл осыдан он ғасыр бүрын айтылған ойлар гой.
"Классика", "көркем туынды" категорияларын пайдалана отырып, қорытынды жасаңыз.
Бас жаңтагы жазулар
Тыңдауга цолайсыз нәрселер
• Адамдардың жагымсыз дауыспен цатты сөйлеп, күлгені. Олар өзін қалай болса солай дөрекі ұстайтыны туралы еріксіз ойлайсыз.
• Арбаушыныц (дуга окушының) дуганы уйцылы дауыспен міңгірлеп окуы.
• Адамның аузын толтырып алып, бірнәрсені түсініксіз мылжыңдауы.
Жанашырлық - міне, бұл ең цүнды цасиет
• Мейірімділік - адам жанының ец цымбат цасиеті. Бұл, ең алдымен, ер адамдарга цатысты, сонымен цатар эйелдерге де цажет.
• Қолайсыз жагдайдагы адамга: "Қап, әттегене-ай!" деп немесе цайгылы жагдайдагы адамга: "Қайгыңызга ортактасамыні" деп айтыңыз... Бұл сөздердің мәні неде? Олар жүрегіңіздің ең түкпірінен шыгып жатпаса да, киыншылықтагы адамдарга мүндай жылы сөздерді есту куанышты.
• Алып царасац, кішкентай гана еңбек - небәрі бірнеше жаксы, жылы сөз айту, ал шындыгында оларды цандай сирек естисіңі
Жалпы алганда, аса талантты, сонымен бірге жаны жайсаң, мейірімді адамдар сирек үшырасады. Олар цайда? Мүндай таланттардың көп болуы керек цой ...
®Классикалық өнер дегеніміз - өнердің нағыз шедеврлері, олар уақыт сынынан өткен, себебі олар -жақсылық пен жамандық; қайырымдылық пен зүлымдық; Отанға, анаға, табиғатқа махаббат туралы; адам сияқты мэңгілік қүндылықтарды бейнелеп, жырлайды.
Тұс киіз
Аңқаулықты, аяулым, қара біздің, Үшқыр екен қиялы анамыздың. Қалай ғана көшірген ту_с киізге Өзендерін, көлдерін даламыздың.
Даласына ғашық боп басында өзі, Бәрін көріп ананың асыл көзі. Түс киізге жайнатып түсіріпті-ау, Туған жердің жайнатып жасыл кезін.
Тұс киізге күн шуақ төкті күліп, Баратқандай бейне бір от жүгіріп. Балам туған даласын ұмытпасын Деп түсыма анашым кетті ме іліп?!
(Түманбай Молдагалиев)
Классика – әдебиеттің өнегелі үлгісі. Асқақтық пен сезімталдық, шындық пен сыр, ақыл мен нақыл үндестік тауып, үйлескен ағым. Бұл ағым Еуропа елдерінде қанат жайып, кейін әлемге тараған. Классиктердің шығармалары дәуірлер бойына жаңғырып, ешқашан ұмытылмайды. Ол үшін шығарманың мазмұны шамалы уақыт аралығындағы шындықты, бір ғана кеңістікте, бір сюжеттік желінің бойында өтетін оқиғаны көрсетуі керек. Батыс классиктері Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, У. Шекспир, И. В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма, орыс классиктері И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, С. А. Есенин, Шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, ал қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік классиктері Абай, Шәкәрім, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Ахтанов, Д. Исабеков тағы басқа ақын-жазушыларымыз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |