Қуат Механизмнің уақыты бірлігінде істейтін жұмысын қуат дейді. Ал уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама.
Энергия Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 - ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағыдай « энергия» ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. « Энергия» ұғымы сақталу заңына бағынады.
Механикалық жүйелердегі энергияның сақтау заңы. Механикалық жұмыс. Қуат. Энегия курсы бар PDF файлын жүктеп алыңыз 1.5 Қатты дене механикасы. Күш моменті. Инерция моменті. Айналмалы қозғалыс Қатты дене механикасы курсын кинематика қарастырмайды, бұл бөлімнен маңызды деген ұғымдарды меңгеру талап етіледі. Динамикадағы негізгі мәселе «Жылжымалы оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасы». Қатты дененің жазықтықтағы қозғалысын екі қарапайым ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстың қосындысы деп қарастыруға болады.
Ілгерілемелі қозғалыс – кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктесі бірдей траектория сызады, сондай-ақ, уақыттың кез келген мезетінде қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері өзінің сан мәні жөнінен де, бағыты бойынша да өзара бірдей болып отырады. Сондықтан дененің ілгерілемелі қозғалысын зерттеу нүкте кинематикасын зерттеуге келтіріледі. Дене қозғалысы ілгерілемелі болмаса, онда қозғалыстың ілгерілемелігін кез келген нүкте емес, белгілі бір нүкте – масса центрін сипаттайды. Ілгерілемелі қозғалыстағы дене нүктесінінің траекториясы, жылдамдығы және үдеуі туралы теорема – ілгерілемелі қозғалыстағы қатты дененің барлық нүктелері біртүрлі қисықтар (траекториялар) сызады және кез келген уақыт кезеңінде жылдамдықтары және үдеулері өзара тең болады.