Классикалық механика



бет3/5
Дата25.05.2024
өлшемі36,63 Kb.
#202899
1   2   3   4   5
Байланысты:
Механика

Ньютонның бірінші заңы
Нүкте (дене) өзінің тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін, оған басқа денелер әсер етіп өзгерткеге дейін, бұзбай сақтайды. Ньютонның бірініші заңы бойынша: дене өзінің тыныштық күйін немесе бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыстағы күйін өзгерту үшін оған басқа материялық денелер әсер етуі керек. Бақылауларға қарағанда, Ньютонның бірінші заңы кез келген санақ жүйелерінде (системасында) дұрыс бола бермейтіні анықталған. Ал Ньютонның бірініші заңы орындалатын санақ жүйелері инерциялық санақ жүйелері деп аталады. Инерциялың санақ жүйесі деп, басқа бір инерциялы санақ жүйесімен салыстырғанда тыныштықта тұратын немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалытын санақ жүйесін айтамыз.
Ньютонның екінші заңы
Карастырудың алдында күш, салмақ және масса ұғымдарына тоқталайық. Ньютонның екінші заңында физикалық жаңа шама күш туралы ұғым енгізіледі. Ньютонның өзі тұжырымдап айтуынша, қозғалыстың өзгерісі түсірілген күшке тура пропорционал болады және ол күш әсер ететін бағыт бойынша өзгереді.
Динамика курсы бар PDF файлын жүктеп алыңыз
1.3 Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы
Қозғалыс мөлшерінің (импульстің) сақталу заңы. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын қорытып шығару үшін кейбір жүйе деп атаймыз. Механикалық жүйедегі материалдық нүктелер арасындағы әсерлесу күштерін ішкі әсерлесу күштері деп атайды. Ал, сыртқы күштер деп, берілген жүйеге кірмейтін материалдық нүктелермен әсерлесу нәтижесінде пайда болатын күштерді атайды. Денелердің механикалық жүйесіне сыртан ешқандай күш әсер етпесе, онда ол жүйені тұйық жүйе деп атайды Тұйықталған жүйе үшін, яғни тек өзара әсерлесетін, бірақ жүйеден тыс ешбір денелермен әсерлеспейтін денелер үшін қозғалыс мөлшерінің өзгерісін қарастырайық.
Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы курсы бар PDF файлын жүктеп алыңыз
1.4 Механикалық жүйелердегі энергияның сақтау заңы. Механикалық жұмыс. Қуат. Энегия
Біз қоршаған ортада қандай да бір күшпен (тартылыс серпімділік, тебіліс т.б) біріне-бірі әсер денерді кездестіреміз. Сонда денелер тек күштердің әсерінен орын ауыстырады. Олай болса, күштердің денелердің орын ауыстыруымен байланысты әсеріне сипаттама беру қажет болады. Механикалық жұмыс – күштің түсірілген нүктесінің орын ауыстыру бағытына проекциясының осы орын ауыстыру шамасына көбейтіндісіне тең күш әсерінің өлшемі (1.4.8-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет