Классикалық механика


Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс



бет2/5
Дата25.05.2024
өлшемі36,63 Kb.
#202899
1   2   3   4   5
Байланысты:
Механика

Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс
Дене түзу бойымен қозғалса, қозғалыс түзу сызықты деп аталады. Егер қозғалған дене кез келген өзара тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Сондықтан қарастырылатын дененің қозғалысы түзу сызықты бірқалыпты болады. Физикалық денелердің немесе бөліктерінің қозғалысын қарастырғанда, олардың нүктесінің қозғалысын зерттеу керек. Материалдық нүкте қозғалысы – кинематиканың заңдылықтарын зерттеудің негізі.
Кинематика — дене қозғалысын қамтамасыз ететін себептерге байланыссыз қозғалысты оқып зерттейді, статика – денелердің тепе-теңдіктегі шартын зерттейді, ал динамика – қозғалыстың сол немесе басқадай сипатын қамтамасыз ететін себептерге байланысты денелердің қозғалысын оқып зерттейді. Уақыт өтуіне байланысты денелердің кеңістікте орын ауыстыруын механикада қозғалыс деп атайды. Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Күнді айнала қозғалуы) аталып отыр.
Кинематика курсы бар PDF файлын жүктеп алыңыз
1.2 Динамика. Материалдық нүкте динамикасы. Ньютонның бірінші заңы. Ньютонның екінші заңы. Ньютонның үшінші заңы
Динамика материалдық нүктелердің немесе денелердің әсерлесу кезіндегі қозғалысының өзгерісін зерттейді. Динамикада Ньютонның үш заңы негізгі заңдар болып алынады. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Динамиканың негізіне ағылшынның ұлы физигі Иссак Ньютон 1687 жылы жарық көрген «Натурал философияның математикалық бастамалары» деген еңбегінде тұжырымдаған денелер қозғалысының заңдары жатады. Бұл еңбек негізгі ұғымдарды (масса, күш, қозғалыс мөлшері, үдеу) механиканың үш заңын бүкіл әлемдік тартылыс заңын қамтиды. Ньютон өзіне дейінгі ғалымдардың механика саласындағы еңбектерін терең зерттей келе және өзінің зерттеулеріне сүйене отырып, механиканың негізгі ұғымдарын (масса, күш, импульс және басқаларды) енгізді және солардың көмегімен қозғалыстың үш заңын тұжырымдады. Ол ньютон заңдары деп аталады. Бұл заңдар тәжірибелердің қорытындысына негізделеді және негізгі заңдары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет