Күләш Ахметова iref. Kz – МӘліметтер порталы күләш Ахметова өмірбаяны



Дата03.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#108848
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Күләш Ахметова
9 сынып БЖБ 2, 2019-2020--, 8сын алг 4 ток (2), Көңілді математика және информатика сағаты, 2222

Күләш Ахметова

  • IREF.KZ – МӘЛІМЕТТЕР ПОРТАЛЫ

Күләш Ахметова өмірбаяны

  • Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищені, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды. 
  • «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.
  • 2016 жылы Күләш Ахметованың 70 жылдық мерейтойы атап өтілді. Алғашқы іс-шара Жамбыл политехникалық колледжінде басталды.

Марапаттары

  • «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1978) лауреаты,
  • «Құт» кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2006) лауреаты,
  • «Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.
  • «Құрмет» орденінің иегері.
  • Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
  • Бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975
  • Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977
  • Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979
  • Мейірім. «Жалын», 1981
  • Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982
  • Жасыл жағалау. «Жалын», 1984
  • Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985
  • Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987
  • Назарларыңызға рақмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет