Карпо радиалды рефлексті зерттеу Кәрі жілікте Processus styloideusті балғамен ұрғылағанда, қол басы бүгіледі және саусақтар бүгіліп, пронация қалпына келеді. ( рефлекторлық доға mm. Pronatores, flexores digitorum, brachio-radialis және biceps; nn. Medianus, radialis пен musculo-cutaneus; Cerv. V, VI, VII, VIII сегменттері)
Қол бұлшық еттерінің күшін зерттеу
Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.
Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігер оның қолын жазуға тырысады. Сырқат барынша қарсыласуы керек.
Дельта тәрізді бұлшықеттің күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальді деңгейде ұстап тұрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.
Қолдың әкеткіш бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизантальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласу керек.
Қолдың әкелгіш бұлшықеттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальді деңгейде созады. Дәрігер қолдардың сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласу керек.
Есеп №3 Науқастың қолбасында діріл, қимылдары азайған, жоғары тершеңдік пен сілекейдің көп бөлінуі мазадайды. Объективті: беті маска тәрізді, мимикалары аз. Тері жабындылары майлы, жоғары тершеңдік, слекейдің көп бөлінуі анықталды. Сөйлеуі баяу, монотонды, өшіп бара жатқандай дауыс. Бұлшық ет тонусы «тісті дөңгелек» тәрізді жоғарылаған. Қолбасының айқын 4-6 Гц жиіліктегі дірілі. Қолбасындағы тремор эмоциялық қобалжуда күшейе түседі, ұйықтағанда және ерікті қимылдар жасағанда жойылады. Науқастың жүрісі өзгерген: аяқбасын сүйреп, майда тар қадамдармен жүреді. Оған қимылды бастап алып кету қиын, ал тоқтау керек болған кезде бірден қимылдарды тоқтата алмайды.