Түнгі және ымыртты көруді бағалау үшін қараңғы және жарыққа сезімталдығын анықтау.
Кампиметрия кезінде науқастың басы иекке арналған демеуішке дұрыс орнатылуы ( еңкейіңкісіз ) қажет және капиметрия ортасындағы белгіге нақты көз тігуі қажет, науқастың екінші көзін жабамыз. Дәрігер біртіндеп радиус бойынша объектіні кампиметрдің сырт бөлігінен ортасына қарай жылжыту керек ( соқыр дақтың орналасқан көлденең жағынан бастайды ). Науқас объекттің жоқ болғанын айтуы тиіс.
Периметрия
Периметрия — ойыс сфералық беткейдегі доға немесе жартылай сфера тәріздес арнайы аспаптар (периметр) арқылы көру алаңын зерттеу әдісі. Кинетикалық периметрияны ( қимылдайтын объектімен ) және статитикалық периметрияны ( ауыспалы жарықтықтың қозғалмайтын объектімен ) ажыратады.
Күрделі сезімталдықты зерттеу • Беткей тітіркендіргішті оқшаулау сезімін анықтау үшін зерттелушіден көзі жұмылған күйінде терінің қай жеріне тітіркендіргіш тигізілгенін сұрайды.
• Кеңістікте бір уақыттағы екі тітіркендіргішті ажыратуды анықтау мақсатында Вебер сызғышы немесе скрепка пайдаланылады. Зерттелуші түрлі қашықтықта екі бірдей тітіркендіргішті ажырата алады. Қалыпты жағдайда кем дегенде бес милиметр арақашықтықтағы екі затты сезеді. Адам терісіндегі аса сезімтал аймақтар - саусақтардың басы, ерін, тіл.
• Екі өлшемді кеңістікті сезу (графестезия) қабілетін анықтау үшін зерттелушінің көзі жумылған қалпында терісінде сан, әріп немесе мүсіндерді қарындашпен жазады.
Бұлшық ет тонусын зерттеу Бұлшықет тонусын зерттеу: бұлшықет тонусын зерттеу тыныштықтағы бұлшықет пальпациясынан басталады.
Атония немесе гипотония кезінде бұлшықеттер бос және болбыр болады. Буындағы енжар қимылдар босаған болады.
Гипертонус кезінде бұлшықеттер тығыз, кернелген. Ал буындардағы қимылдар шектелген. Енжар қимылдарға қарсыласу тән.
“Бүктелген бәкі” симптомы – орталықтан салданған мүшені дәрігер бүгіп-жазғанда, алғашында бұлшықеттердің қарсыласуы сезіледі, кецін бұл сещім жойылып қол-аяқты бүгу жазу жеңілдейді.