Кинестетикалық сезім: алдымен науқасқа зерттеу әдісі мен мақсатын айтып түсіндіреді.
Көзі жұмылған күйдегі науқастың денесінің терісінен қатпар жасап түрлі бағытта қозғалтады.
Қалыпты жағдайда науқас қатпардың бағытын анықтап, оңға, солға, жоғары, төмен қарай бағытталды деп жауап береді.
Шынтақ жазғыш және бүккіш рефлекстерін зерттеу Шынтақ жазғыш рефлексі- m. tricipitis сіңірін балғамен ұрғанда, үш басты бұлшық ет жиырылғандықтан білек шынтақ буынында жазылады. Балғамен соққы olecranon (шынтақ өсіндісі) деңгейінен 1,5-3 см жоғары болуы қажет. (Рефлекторлық доға- n. Musculocutaneus, СV-VI )
Шынтақ бүккіш рефлексі m.bicipitis сіңірін балғамен ұрғанда, екі басты бұлшықет жиырылғандықтан білек бүгіледі. ( рефлекторлық доға- n. radialis, CVII-CVIII)