«Клиникалық дағдылар негіздері»пәні бойынша білімгердің оқытушының бақылауымен өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеу жинағы



бет11/18
Дата14.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#162687
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
BXAORDUQKLLW22102022102531

Б.Осы тақырып бойынша:
1. Өт шығару жолдары мен бауыр ауруларымен ауыратын науқастарда анықталатын белгілерді бағалау және оның диагностикалық маңызы.
2. Бауырдың және өт жолдарының пальпациясы, перкуссиясы, мақсаты, жүргізу тәртібі, диагностикалық маңызы.
3.Өттің пальпациясының мақсаты, жүргізу тәртібі, диагностикалық маңызы.
4.Өт жолдарының ауырсыну нүктелерін анықтаудың диагностикалық маңызы.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері:


Өткізу түрі: SGL, бейнефильмдер көру, PAL, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, тиімді кері байланыс.
Ағымдық бағалау: Тест жүргізу, тәжірибелік дағдыларды бағалау: бауыр және өт қапшығын пальпациялау, перкуссиялау.
Суммативті бағалау: MCQ, EMI, SAS (пальпация, перкуссия)





Жауабыжоқ

Жауабындакүрделіқателіктерібар

Жауабыжартылай

Жауабытолық, бірақбілімін әліжетілдіруқажет

Жауабытолық

Жауабытолық,жоғарыдеңгейдемеңгерген




0

4

8

12

16

20

1 сұрақ



















2 сұрақ



















3 сұрақ



















Ұпайдың максимум саны:60(100%). Алған ұпай саны




6.Әдебиеттер: соңында көрсетілген
7.Бақылау:


Суммативті бағалау: MCQ, EMI, SAS (пальпация, перкуссия)Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз
Студенттің
аты-жөні:____________________________________________курсы__________
Тобы_____________ күні ____________ Мамандығы________________________________



Құзіреттілік





Бауырдың пальпациясы мен перкуссиясы

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия,
бірақ әлі де жетілдіру керек

Ия

0

1

2

Б.2

1

Пациентпен амандасып, өзін таныстырды










2

Пациентті қол-аяқтарын созып, шалқасынан жатуын өтінді.










3

Пациенттің оң жағынан жамбас деңгейінде орындықты қойып отырды.










4

Бауырдың бірінші өлшемінің жоғарғы шегін анықтау үшін оң жақ бұғана орта сызығымен ІІ қабырға аралық деңгейінен орташа күшпен перкуссияны бастады










Б.2 Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

5

Төмен қарай тұйықтау дыбысқа дейін перкуссиялады










6

Плессиметр саусақтың келген жағынан белгіледі (1-ші нүкте)










7

Бірінші өлшемінің төменгі шегін анықтау үшін оң бұғана орта сызығымен кіндік тұсынан бастап жоғары қарай жәй күшпен перкуссияны бастады










8

Жоғары қарай тұйық дыбыс шыққанша перкуссиялады










9

Плессиметр саусақтың келген жағынан белгіледі (2-ші нүкте)










10

Бауырдың екінші өлшемінің жоғары шегін анықтау үшін анықталған бірінші нүктеден алдыңғы ортаңғы сызыққа көлденең сызық түсіріп белгіледі (3-ші нүкте)










11

Бауырдың екінші өлшемінің төменгі шегін анықтау үшін алдыңғы ортаңғы сызығықпен кіндік тұсынан жоғары қарай жәй күшпен перкуссияны бастады










12

Жоғары қарай тұйықтау дыбыс шыққанша перкуссиялады










13

Плессиметр саусақтың келген жағынан белгіледі (4-ші нүкте)










14

Бауырдың үшінші өлшемін анықтау үшін сол жақ қабырға доғасымен қолтық алды сызығы деңгейінен жәй перкуссияны бастады










15

Сол жақ қабырға доғасының қырымен 3-ші нүктеге қарай жүріп отырды










16

Тұйықтау дыбыс шыққан жерден плессиметр саусақтың келген жағынан белгіледі (5-ші нүкте)










17

Курлов бойынша бауырдың үш өлшемін өлшеп, нәтижелерін баяндады










18

Курлов бойынша бауырдың үш өлшемінің қалыпты жағдайдағы мөлшерін атады (бірінші өлшемі 9-11 см, екінші өлшемі 8-10 см, үшінші өлшемі 7-9 см)










19

Пальпация жасау үшін пациенттің аяқтарын тізесінде шамалы бүгіп жатуын өтінді










20

Сол қолдың үлкен саусағын оң қабырға доғасының үстіне бұғана орта сызығы бойымен, қалған төрт саусақты төмен қарай фиксация үшін қойды










21

Оң қолдың төрт саусағын бір деңгейде оң қабырға доғасынан 1-2 см төмен бұғана орта сызығы бойымен қиғаш орналастырды










22

Алақанға қарай тері қатпарын жасады










23

Пациенттің ішпен дем алуын сұрады










24

Әр дем шығарған сайын (кемі 3-4дем шығару) саусақтарды қабырға доғасының астына қарай енгізіп отырды










25

Пациенттің ішпен терең дем алуын өтініп, фиксацияны күшейте түсті










26

Осы кезде бауырдың төменгі қырын саусақтармен сипап сезуге тырысты










27

Пальпация бойынша бауырға сипаттама берді:
Консистенциясы (қалыпты жағдайда: жұмсақ)










28

Беті (қалыпты жағдайда: тегіс)










29

Қыры (қалыпты жағдайда: үшкір)










30

Ауырсыну (қалыпты жағдайда: ауырсынбайды)










Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.


Кезең бойынша ең жоғары балл – 60 (100%).


Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз
Студенттің аты-жөні:______________________________________________курсы________
Тобы_____________ күні ____________ Мамандығы________________________________



Құзіреттілік





Көк бауырдың перкуссиясы мен пальпациясы дағдысын жасау

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия,бірақ әлі де жетілдіру керек

Ия

0

1

2

Б.2.1.

1

Науқасты оң қырынан жатқызды










2

Оң қолын басына жастандырды










3

Сол қолын басынан асырып қойды










4

Оң аяғын созып жатқызды










5

Сол аяғын тізе буынында бүгіп, төсекке тиіп тұратындай етіп жатқызды










6

Өзі пациенттің оң жағынан жамбас тұсына орындықты қойып отырды.










Б.2.1. Дәрігер-клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

7

Перкуссия жасау үшін сол жақ қабырға доғасының қырымен жүре отырып, оныншы қабырғаны тауып, оны белгілеп алды.










8

Тапқан қабырғаға қарай кіндік деңгейінен бастап, қабырға үстімен, орташа күшпен перкуссия жүргізді.










9

Дабыл дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жерден, келген жақ бетінен белгіледі.










10

Х қабырғаның омыртқаға бекіген маңайынан бастап, қабырға үстімен тапқан шекараға қарай перкуссия жүргізді.










11

Анық өкпе дыбысынан тұйық дыбысқа өзгерген жерінен, келген жақ бетінен белгіледі.










12

Табылған шекараның ортасын белгілеп, екі жағынан осы нүктеге қарай перкуссия жүргізді.










13

Тұйық дыбысқа ауысқан жерден, келген жақ бетінен белгіледі










14

Көк бауырдың ұзындығын өлшеп, неше болғанын және қалыпты жағдайда неше болатынын мәлімдеді.










15

Көк бауырдың енін өлшеп, неше болғанын және қалыпты жағдайда неше болатынын мәлімдеді.










16

Көк бауырға пальпация жасау үшін сол қолды барлық саусақтарын біріктіріп, анықталған шекараның үстіне қойды.










17

Сол жақ қабырға доғасының астына оң қолдың төрт саусақтарын біріктіріп, кіндік деңгейінде бір сызық бойына орналастырды (І момент).










18

Алақанға қарай тері қатпарын жасады (ІІ момент).










19

Пациенттің ішпен тыныс алуын сұрады.










20

Әр дем шығарған сайын саусақтарды қабырға доғасының астына енгізіп отырды (ІІІ момент).










21

Пациентті ішпен терең дем алуын өтініп, сол қолмен фиксацияны күшейтті.










22

Осы кезде оң қол саусақтарын жоғары қарай жылжыта отырып, көк бауырды сипап сезуге тырысты (ІУ момент).










23

Пальпация нәтижесіне сипаттама берді (анықталса: консистенциясы, беті, қыры, ауырсынуы).














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет