«Клиникалық дағдылар негіздері»пәні бойынша білімгердің оқытушының бақылауымен өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеу жинағы


Б.2. Дәрігер-клиницист Б.2.2. Науқастарды жүргізу



бет7/18
Дата14.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#162687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
BXAORDUQKLLW22102022102531
утверждаю, Дәріс 1 БТ Кіріспе, Ауру тарихы кдн
Б.2. Дәрігер-клиницист Б.2.2. Науқастарды жүргізу

5

Асқазанның төменгі шекарасын анықтаудың перкуссия әдісін қолдану арқылы – семсер тәрізді өскіннің астынан бастап, кіндікке қарай жай перкуссиялап, кіндіктен 4 см жоғары деңгейден тапты.










6

Асқазанның төменгі шекарасынан 2 см төмен, іштің тік бұлшық етінің сыртқы қырына екі қолдың төрт саусақтарын біріктіріп бір сызық бойымен билатеральді орналастырды (Iкезең).










7

Саусақтардың алдына қарай тері қатпарын жасады (IIкезең).










8

Пациенттің ішпен дем алуын сұрап, әр дем шығарған сайын (3-4 рет) саусақтарды ішке қарай терең енгізіп отырды (III кезең).










9

Саусақтарды жоғары және төмен бағыттап пальпация жасады (IVкезең).










10

Көлденең тоқ ішектің терең пальпациясына сипаттама берді: пішіні, диаметрі, консистенциясы, беті, жылжымалылығы, құрыл-шұрыл бар-жоғы, ауырсыну бар-жоғы.










11

Курвуазье симптомының (тік бұлшық еттің оң жақ қыры мен қабырға доғасының қиылысқан жерінде өт қабының пальпациялануы (қалыпты жағдайда пальпацияланбайды) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










12

Мерфи симптомының (өт қапшығының проекциясында пальпация жасауға әрекеттенгенде ауырсыну) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










13

Кер (нүктесі) симптомының (өт қабы проекциясын пальпациялағанда ауырсынуы) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










14

Мюсси-Георгиевский симптомының (оң жақ төс-бұғана-емізікше бұлшық етінің (m.sternocleidomastoideus) аяқшаларының арасындағы аймақты басқанда ауырсыну) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










15

Ортнер симптомының (қолымыздың қырымен оң жақ қабырға доғасына жәй күшпен бұрғылағанда ауырсынуы) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










16

Василенко симптомының (оң жақ қабырға доғасына орташа күшпен соққылағанда тыныс шығаруға қарағанда тыныс алу кезінде ауырсынуы күштірек болуы) оң немесе теріс мәнді екендігін анықтады.










Тапсырмаға берілген уақыт -5 мин
Ұпайдың максимум саны: 32 (100%), жинаған ұпай саны: ___ ( _____%)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет