Б6.ОН9. ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУШЫ
Қолдану:
1)асқазан, ішек жолдарының аурулары бар науқастарға іштің терең пальпациясын жүргізуді;
2)сигма тәрізді ішектің пальпациясы
3)соқыр ішектің пальпациясы
4)тоқ ішектің өрлеме бөлімі
5)тоқ ішектің төмендегіш бөлімі
6)тоқ ішектің көлденең бөлімі
7)асқазанның үлкен иіні мен қалтқысының пальпациясы
8)ұйқы безінің пальпациясы, ауырсыну нүктелерін анықтау
Қарым-қатынас/мінез-құлық(аффективті)домені:
Құндылықтарды үлестіру:
Іштің терең (асқазанның ішектердің, ұйқыбезі) пальпация әдісін санасына сіңіре орытып , дұрыс үйлестіреді және ұйымдастырады. Оқытушымен және әріптестерімен барынша сенімді қарым-қатынас орнату,команда да жұмыс істей білу,өз көзқарасын дұрыс қорғай білу және ымыраға келе білу, өз пікірін ұжымның пікірімен байланыстыра білу,жағдайға сай моральдік, психологиялық, рефлексиялық тұрғыда бейімделуге дағдылану, этикалық қағидаларға мойын ұсына отырып, өзбіліктілігін арттыратүсудіүйрену;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
А.Базистік пәндерден:
Қалыпты анатомиядан
Асқорыту жүйесі ағзаларының қалыпты анатомиялық құрылысы.
Қалыпты физиологиядан
Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.
Гистологиядан
1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының морфофункциональдық ерекшеліктері.
Патологиялық анатомиядан
1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылымдық бұзылыстары.
Патологиялық физиологиядан
1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтерінің бұзылуы, даму механизмі.
Б.Осы тақырып бойынша:
1. Іш пальпациясының мақсаты, түрлері және диагностикалық маңызы.
2. Іштің терең әдістемелік сырғымалы пальпациясы, мақсаты, жүргізу тәртібі, диагностикалық маңызы.
3. Асқазанның үлкен иіні мен қалтқысының пальпациясы, мақсаты, жүргізу тәртібі, диагностикалық маңызы.
4. Сигма тәрізді, соқыр ішек және оның өсіндісі, көлденең, өрлеме ішектерді пальпациялау әдісі, мақсаты және диагностикалық маңызы.
5. Асқазанның төменгі шекарасын анықтау тәсілдері, диагностикалық маңызы.
6. Ұйқы безінің пальпациясы және ауырсыну нүктелеріндегі ауырсынуды анықтаудың диагностикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |