Білім берудің және оқытудың әдістері:
Өткізу түрі: SGL, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, бейнефильмдер көру, PAL, тиімді кері байланыс.
Ағымдық бағалау: Тест жүргізу, тәжірибелік дағдыларды бағалау: жалпы қарау, ішті қарау, беткей пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау (кіші топпен);
Суммативті бағалау:MCQ,SAS (қарау, іштің беткей пальпациясы, перкуссия)
№
|
Жауабыжоқ
|
Жауабындакүрделіқателіктерібар
|
Жауабыжартылай
|
Жауабытолық, бірақбілімін әліжетілдіруқажет
|
Жауабытолық
|
Жауабытолық,жоғарыдеңгейдемеңгерген
|
|
0
|
4
|
8
|
12
|
16
|
20
|
1 сұрақ
|
|
|
|
|
|
|
2 сұрақ
|
|
|
|
|
|
|
3 сұрақ
|
|
|
|
|
|
|
Ұпайдың максимум саны:60(100%). Алған ұпай саны
Әдебиеттер: соңында көрсетілген
7.Бақылау:
Студенттерге дайындалуға чек-парақтары
_______________________________
Құзіреттілік
|
№
|
Ішті қарау, іш қуысында сұйықтық бар-жоғын тексеру және беткей пальпация жүргізу.
|
Бағалау критерийі
|
Жоқ
|
Ия, бірақ әлі жетілдіру керек
|
Ия
|
0
|
1
|
2
|
Б.2.1
|
1.
|
Науқаспен амандасып, өзін таныстырды.
|
|
|
|
2
|
Науқасты шалқасынан жатқызды.
|
|
|
|
3
|
Аяқтарын тізесінде бүгіп жатуын сұрады.
|
|
|
|
4
|
Пациенттің жамбас деңгейінде орындықты қойып отырды.
|
|
|
|
Б.2 Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу
|
5
|
Ішке қарау жүргізді:ішке қарау бойынша пішінін, көлемін, тыныс алуға қатысуын,екі жағының симметриялығын, тері асты беткей тамырларын, көзге көрінер жарықтардың, ота жасау нәтижесіндегі тыртықтардың бар-жоғын қарады.
|
|
|
|
6
|
Ішектердің және асқазанның перистальтикасы бар- жоғын қарады.
|
|
|
|
7
|
Ішті қарау бойынша сипаттама берді.
|
|
|
|
8
|
Тері асты щел-май қабатын іштің алдыңғы іргесінен қолға ілінгенше ұстап анықтады.
|
|
|
|
9
|
Тері асты щел-май қабатын анықтау бойынша сипаттама берді
|
|
|
|
10
|
Іштің алдыңғы іргесінің ісінуі бар-жоғын теріні ғана екі саусақтың арасына алып,10 секундтай ұстап тұрып,жібергенде саусақтардың ізі қалған-қалмағанын тексерді.
|
|
|
|
11
|
Іштің алдыңғы іргесінің ісінуі бар-жоғын айтты.
|
|
|
|
12
|
Пациенттің екі бүйіріне екі қолын алақанын жазып қойып, бір қолынан екінші қолына толқынды қозғалыстар жасап,іш қуысында сұйықтық бар-жоғын тексерді.
|
|
|
|
13
|
Іш қуысындағы сұйықтықты анықтау бойынша сипаттама берді.
|
|
|
|
14
|
Іштің беткей пальпациясын сағат тілінің бағытымен немесе қарама-қарсы бағытта немесе салыстырмалы түрде жасауға болатынын айтып,беткей пальпация жүргізудің мақсаттарын атады.
|
|
|
|
15
|
Пациенттің ішіне оң қолының алақанын жазып, төрт саусағының ұштарын ғана бүгіп қойып, беткей пальпация жүргізуді бастады.
|
|
|
|
16
|
Өзі пациенттің бетіне қарап отырды.
|
|
|
|
17
|
Іштің тоғыз аймағын да пальпациялап, іштің ақ сызығы бойымен, кіндік маңайын,шап аймақтарын саусақтарының ұшымен жарық бар-жоғын тексеріп шықты.
|
|
|
|
18
|
Іштің беткей пальпациясы бойынша ауырсыну, бұлшық еттерінің кернеулігі және ыдырауы, жарықтар, түзілістер бар-жоғын сипаттады.
|
|
|
|
Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.
Ұпайдың максимум саны: 36 (100%), жинаған ұпай саны: _______ ( _____%).
Тест сұрақтары
1. Ішектің қай бөлімі көп адамдарда пальпацияланады ?
А. сигма тәрізді ішек
В. өрлеме ішек
С. төмендеме ішек
D. көлденең ішек
E. соқыр ішек
2. Ішті қарағанда және пальпациясында қанша аймаққа бөліп қарастырылады?
А. 5
B. 7
C. 6
D. 3
E. 9
3. Іш қуысына сұйықтық жиналғанда келесі симптом анықталады:
A. Щеткин-Блюмберг симптомы
B. Флюктуация симптомы
C. Ортнер симптомы
D. Мерфи симптомы
E. Кохер симптомы
4. Іш аймағын перкуссиялағанда тұйық дыбыстың болуы қай жағдайға тән?
А. ішекте газдың көбеюіне
B. ішек перистальтикасының жойылуына
C. іш астарда сұйықтық жиналғанға
D. ішек перистальтикасының күшеюіне
E. іш қатуға
5. Іштің аускультациясында ішек шуының естілмеуі нені дәлелдейді?
А. кардия сфинктрінің жетіспеушілігін
B. асқазан қалытқысының тарылуын
C. ішектің парезін
D. созылмалы гастритті
E. жедел энтеритті
6. Метеоризмді шақырмайтын жағдай:
A. ішекте газдардың шамадан көт түзілуі
B. ішек қабырғасы арқылы газдардың сіңірілуінің бәсеңдеуі
C. ішек гипотониясы
D. портальді гипертензия
E. механикалық және химиялық тітіркендіргіш қасиеті аз тағам қабылдау
7. Ас қорыту жүйесінің патологиясында флюктуация тәсілімен нені анықтайды?
А. метеоризмді
B. асцитті
C. іш қуысында кистаның бар-жоқтығын
D. пилоростенозды
E. ішектің перистальтикасын
8. Іштің беткей болжамды пальпациясында нені бағалайды?
А. іш жарығының бар-жоқтығын
В. ауырсынудың бар-жоғын
С. іш құрсағының алдыңғы іргесінің бұлшық етінің кернеулігін
D. ішектің орналасуы мен консистенциясын
E. іштің тік бұлшық етінің ыдырауын
9. Іш аймағын перкуссиялағанда тұйық дыбыстың болуы қай жағдайға тән?
А. ішекте газдың көбеюіне
B. ішек перистальтикасының жойылуына
C. іш қуысында сұйықтық жиналуына
D. ішек перистальтикасының күшеюіне
E. іш қатуға
10. Сол жақ мықын аймағында ауру сезімі болған кезде іштің беткейлік пальпациясын мына жерден бастаған жөн?
А. оң жақ мықын аймағынан
В. оң жақ қабырға асты аймағынан
С. сол жақ қабырға асты аймағынан
D. ол жақ мықын аймағынан
Е. эпигастралды аймақтан
№2.
Достарыңызбен бөлісу: |