Anamnezis morbi: ауырғанына 4 күн болған. Ауру біртіндеп температураның 37,50 С дейін жоғарлауымен, шамалы басының ауруы, мұрынның бітелуі, мұрныннан шырышты бөлінулердің шығуына, тамағыныңжыбырлап қышуы, түшкіру, ұстамалы түрде құрғақ жөтелмен басталған.
Объективті жағдайы: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,50 С, тері жамылғысы қалыпты.Ауыз қуысын қарап тексергенде:Аңқасының артқы қабырғасы аздап қызарған, көз склералары қызарған, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Тыныс алуы минутына – 24 рет. Ентігу байқалады. Аускультативті тыныс алуы қатайған, көп мөлшерде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, тамыр соғысы ритмді. АҚ 120\80 мм сын.бағ. Ps – минутына 86 рет. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Зәр бөлінуі жақсы.
Қан талдауы: Гемоглобин – 132 г/л, эритроцит - 4,0 х 1012 /л., тромбоцит – 240 х 109/л., лейкоцит – 4,4 х 109/л., таяқшаядролы нейтрофилдер – 2%, сегментядерлы нейтрофилдер – 62%, моноцит – 7%, лимфоцит – 29%, ЭТЖ – 5 мм/час.
Достарыңызбен бөлісу: |