Эпидемиологиялық анамнез: Студент, жатақханада тұрады. Бөлмесінде ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған.
Объективті жағдайы: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 380 С., тері жамылғысы қалыпты. Мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қабақтары ісінген, конънктивасы қызарған, екі жағында да ақшыл жабынды бар. Аңқасының артқы қабырғасы аздап қызарған, ісінген, лимфоидты фолликулалары гиперплазияланған, бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындылары жоқ. Мұрын бітелген, шырышты бөлінділер бөлінеді. Өкпесінде – тынысы қатты, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тамыр соғысы ритмді. АҚ 120\80 мм сын.бағ. Ps – минутына 86 рет. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Зәр бөлінуі жақсы.
Қан талдауы: Гемоглобин – 132 г/л, эритроцит - 4,0 х 1012 /л., тромбоцит – 240 х 109/л., лейкоцит – 4,4 х 109/л., таяқша ядролы нейтрофилдер – 2%, сегментядерлы нейтрофилдер – 62%, моноцит – 7%, лимфоцит – 29%, ЭТЖ – 5 мм/час.