5. Аяқ-қолдан қан кету кезінде ауруханаға дейінгі жедел медициналық көмек көрсету мақсатында қан тоқтататын жгут қою алгоритмі.
Сіз жедел шұғыл медициналық көмек көрсету дәрігерісіз, шақыру бойынша келдіңіз. 30 жастағы ер адам ЖКО салдарынан жарақат алды, сол жақ жіліншік маңынан қан кеткені анықталды, өзі алғашқы көмек көрсетті – қан кеткен жерді күртешемен байлады. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылды.
Шағымдары: ауырсыну, сол жіліншік аймағында қан кету.
Тексеру кезінде: шок белгілері анықталмады, сол жіліншікке уақытша таңғыш арқылы қанның сіңуі, сол аяқтың функциясының шектелуі, ауырсыну синдромы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |