4. Иық сынған кезде ауруханаға дейінгі жедел медициналық көмек көрсету мақсатында Крамер шинасын салу алгоритмі.
Сіз жедел шұғыл медициналық көмек көрсету дәрігерісіз, шақыру бойынша келдіңіз. 30 жастағы ер адам спортпен (армрестлингпен) айналыса отырып, жарыс кезінде қолдағы ауырсыну мен қолды қысусезінді. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылды.
Шағымдары: оң иықтың ауруы, оң қолдың қозғалуының мүмкін еместігі, ісіну, иықтың деформациясы.
Қарау кезінде: оң жақ жоғарғы аяқ деформацияланған, оң қолдың қозғалысы кезінде ауырсыну синдромы, оң иықтың ортаңғы үштен бір бөлігінің ісінуі, оң қолдың функциясының шектелуі, оң қолдың қозғалысы кезінде крепитация симптомы.
Достарыңызбен бөлісу: |