Науқас 55-жаста, созылмалы обструктивті бронхитпен, өкпе эмфиземасымен, созылмалы тыныс алу жетіспеушілігімен ұзақ ауырған, айқын ентігумен, азөнімді жөтелмен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. Объективті: цианоз, тыныс алу саны 32 минутына, ОФВ1 50% қажеттіліктен, р02 50 мм сын. бағ., рСО2 55 мм сын. бағ. Оксигенотерапия бастады, рСО2 60 мм сын.бағ. дейін көбейді
1 Сұрақ. Көрсетілген жағдайда бронхоспазм ұстамасын алдын-алу үшін не тағайындауды ұсынар едіңіз? Көрсетілген препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
2 Сұрақ. Науқаста созылмалы обструктивті бронхит бар, жиналған сұйықтықты шығаруды жақсарту үшін не тағайындар едіңіз?
3 Сұрақ. Көрсетілген препараттарды таңдауыңыздың себебін түсіндіріңіз?
4 Сұрақ. Сәйкестікті таңдаңыз: - тыныс алу жетіспеушілігі терапиясы кезіндегі препарат және осы препараттардың кері әсері.
Препараттар: Ацетилцистеин
Теофиллин
Дексаметазон
Кислород
Кері әсерлері: Көз, ерін айналасы терісінің немесе қызылиек түстерінің өзгеруі (көгілдір, сұр реңді)