Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Зақымдалған психикалық даму мен органикалық деменция туралы сипаттасаңыз



бет8/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

7. Зақымдалған психикалық даму мен органикалық деменция туралы сипаттасаңыз.


Зақымданған психикалық дамуға органикалық деменцияны жатқызуға болады: ерте сәбилік кезеңде немесе 3 жастан кейін болған мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративті аурулар салдарынан, психикалық дамудағы зақымданулар түрінде кездеседі. Көптеген жағдайда, органикалық деменция прогрессивті сипатқа ие.
Зақымдалған психикалық дамуды медициналық психологияда психиканың уақытша тоқталуы деп атайды. Психиканың уақытша тоқталуын не шектес интеллект кемістігін тудыратын себептер төмендегідей 5 топқа бөлінеді:
1.айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына және тәрбиеге байланысты.
2.ұзақ уақыт соматикалық аурулардың салдарынан әлсіздікке байланысты.
3. интеллектік қызметтің бұзылуы.
4.естудің, көрудің, сөйлеудің, оқу мен жазудың бұзылуына байланысты интелелктің кемістігі.
5.резидуальды-органикалық жағдайларда.
Аталған топтардағы негізгі клиникалық белгі – баланың жетілмеуі, ең алдымен интеллект пен эмоционалдық жігердің жетілмеуі. Олигофренияға қарағанда дамуы кешеулеген балалар сергек болып, айналадағыны ынта қойып қарап, ойнаған кезде творчестволық елестетуі болады. Мұндай балалардың интелекті нашар дамып, мектепке баруға дайын болмай, көбінесе ойнағысы келеді. Назары тұрақсыз және жылдам жалыққыш болады. Эмоциялары айқын болады. Балаларға тапқырлық зеректік тәжірибелік ойлау тән. Сөйлеулері кейін қалады. Психикалық дамуы кеешулеген балалардың жүріс тұрысы өздерінің қажеттілігіне бағындырылған, міндет сезімі дамымаған. Сабақта ойнап, ынтасыз отырады. Дифференциальды диагностика кезінде оқыту әдістерін қолдану қажет, баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды, баланың потенциалдық мүмкіндіктері білінеді.
ПД-удың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің назардың еңбек қабілетінің мақсаттылықтың бұзылуы жатыр. 
Балалардың психикалық зақымдануы ересектерге қарағанда өзгеше болады. Балаларды балабақшаға не мектепке орналастыру кейде психикалық бұзылуға әкеліп соғады. Бала қалыпты өсіп-дамуы үшін көптеген эмоцияналдық әсерлер қажет.
Органикалық деменция бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында, қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі.
Тотальді органикалық деменция науқас адамның барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды.
Ошақты органикалық деменция науқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет