Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Психикалық аурулар мен шизофрения және олардың клиникалық көріністеріне қандай сипаттама берер едіңіз?



бет9/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

8. Психикалық аурулар мен шизофрения және олардың клиникалық көріністеріне қандай сипаттама берер едіңіз?
Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқым қуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, зат алмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б.
Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар болады.
Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады.
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат. Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ. Ол бала кезде де, ересек кезде де болуы мүмкін. Шизофрения ұзақ мерзімді ауру. Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения. Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды.
Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады.
Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ” деп түсіндіреді.Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет