Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Ойлаудың клиникалық көріністеріне қандай сипаттма берер едіңіз?



бет17/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

Ойлаудың клиникалық көріністеріне қандай сипаттма берер едіңіз?

Ойлау бұзылысы

Ойлау дегеніміз адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.


Ойлау негізі - түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.
Көркемдік-әрекеттік

Накты-бейнелі


Абстрактылы-логикалық


Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.
Ойлаудын формасы бойынша бұзылуы

Ойлау жылдамдауы


Ойлау баяулауы


Патологиялык байымдылык


Резонерлік


Ойлау үзілуі


Ойлау байланыссыздығы

Ойлау персеверациялары, стереотипиялары


Ментизм

Шперрунг
Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде аландаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі - fuga idearum деп аталады.

Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Наукас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялык психозда, шизофренияда, реактивті және баска да психоздарда кездеседі.


•Патологиялық байымдылық – бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудын аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші ретті мәнділіктен ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орнында тұрып қалады, басқа тақырыптарға ауысып кетеді. Эпилепсиялық ақыл кемділікте, эпидемиялық энцефалиттін кеш кезеңінде, ОЖЖ басқа да оргнаикалык ауруларында байқалады.

• Резонерлік - танымдық мағынасынын айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі


Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық - құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады.

Ойлау байланыссыздығы - науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған болады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдегенін көрсетеді


Ойлау персеверациялары мен стереотипиялары кандай да бір ойда мүдіріп қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. -

Бұл бұзылыс инсульттен кейінгі және кәрілік афазиясында, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.


Ментизм - науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, жасанды сезім. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысна жатады, шизофренияда байқалады.


Шперрунг - анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофрения ауруында байқалады


Ойлау мазмұнының бұзылуы

Соңына түсу сандырағы


** Әсер ету сандырағы


*. Уландыру сандырағы


. Қатынас сандырағы


* Зиян сандырағы


* Кверулянттық сандырақ Кызганыш сандырағы


* Ипохондриялық сандырақ


* Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырағы







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет