30. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері тоқталып өтсеңіз. Бұрмаланған психикалық жағдайларды психиатрия мен медициналық психология ғылымдарында психиканың әртүрі зақымдануына байланысты обьективті шындықтың мида дұрыс бейнеленбеуі деп атайды. Бұрмаланған психикалық жағдайларды тудыратын себептер төмендегідей бес топқа бөлінеді:
1. қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына және тәрбиеге байланысты,
2. ұзақ уақыт соматикалық аурулардың салдарынан туындаған ағзадағы әлсіздікке байланысты,
3. инфантилизмнің түріне байланысты интеллектік қызметтің бұзылуы,
4. естудің, көрудің, сөйлеудің, оқу мен жазудың бұзылуына байланысты интеллектің кемістігі,
5. резидуальды-органикалық жағдайларға байланысты.
Бұрмаланған психикалық жағдайларда тұлғаның жағымсыз өзгерістері байқалады. Темпераменттің сандық және сапалық, жалпы және индивидуальды параметрлерінің өзгерістері, тұлғаның мінезі мен бағыттылығының маныздылығы жоғалады. Қызығушылығын жоғалтады. Кейбір жағдайларда эмоциональды-еріктің төмендеуі; гипобулия мен апатияның көрінуіне әкеп соғады. Ауру адам өз іш дүниесіне қатты үніліп, сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеледі. Ауруларда интеллектуальды ойлау функциясының жетіспеушілігі айқын байқалады. Бірақ тексерген кезде интеллектінің сақталғаны анықталады. Ойлауы бұзылып, шындықтан қашқақтап, жүйке жүйесінің бұзылуы, аморфтық және ойлауы тұрақты жеміссіз болады. Басқа жағдайда тұлға денгейінің төмендеуі, эгоистік-утилитарлық қызығушылықтардың өсуімен байланысты, аффекттілі әрекеттер байқалады. Нақты формальды интеллектуальды ойлаудың бұзылуы, есте сақтау қабілеті мен зейіннің тұрақты болмауы, орын ауыстырудағы және қозғалысындағы қиыншылықтар байқалады. Ойлау жүйесінің жемісі нашарлап, ауру өз жағдайын түсіне алмайды. Бұл негіздер ауруда ақыл кемістігінің бастапқы белгілері.
Бұрмаланған психикалық жағдайларда тұлғаның регресс жағдайы жиі байқалатын құбылыс. Тұлғаның регресс жағдайы индивидуальды құрылымы жойылудың бастамасы. Ол көптеген клиникалық формада көрінуі мүмкін. Жағымсыз бұзылулар байқалады: жансыздық, қоршаған ортаны елемейді, әрбір психикалық тітіркендіргіштерге эмоциональды реакцияның болмауы. Еріктік процесстің барлық кезеңдерінде интенсивтілік бірден төмендейді.
Амнистикалық бұзылулар-ең алдымен еске зақым тигiзедi, жоғарғы интелектуалды функциялар зардап шегедi. Естiң бұзылуы гипомнезия көрнiстерiмен сипатталады, ол айқындала түсуi мүмкiн. Белсендiлiктiң төмендеуi, тез шаршауы, зейiннiң тұрақсыздығы байқалады. Бұл бұзылулар ағымды сипатта болады.Айтылған психопатологиялық жағдай өзiнiң мазмұны бойынша лакунарлы деменцияға ұқсайды. Оның ең басты айырмашылығы тұлғалық қасиеттердiң ұзақ сақталуы. Көп уақытқа дейiн моральдi-этикалық сапалар аймағында бұзылулар байқалмайды.