Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?



бет26/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басындаалдымен өз мәселесі ( өзін-өзі басқару) — бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жекемәселесін шеше алмаса, алдына келген индевид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет себебі алдыменсыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.



  1. Жанұядағы жағымсыз тәрбиені диагностикалау мен коррекциялау жолдарын айтып өтсеңіз

Баланы күш қолданбай тәрбиелеу - шыдам мен төзімділік, икемділік пен балаға тұлға ретінде құрметпен қараудан көрініс табады. Ересек адамның күш қолдану бәрібір де еш нәтижеге әкелмейді. Ата-ана баласының ішкі жан-дүниесінің ашық болуына, жеке бас қасиеттерін көрсете білуге ықпал жасауы қажет. Бала үшін ата-ананың өзін тыңдауы, оның басынан кешірген қиындықтары мен қобалжуларын түсіну маңызды болмақ. Ата-ана бала тәрбиесінде аз ұрсып- көп мақтаса, сирек жазалап - үнемі жақсы көрсе, талапты аз қойып - шамасынша реттілікті сақтаса, қорқытуды - қуанумен алмастырса, тәрбие ұтымды болады. [40]
Ата-ананың негізгі міндеті – баласының толыққанды дамуына жағдай жасау, әл-қуатын іске асырта отырып, оның даралығын, ерекшелігін саналы түрде сезінуіне көмек жасау. Ата-ана баласын қаншалықты керектілігін білсе, соншалықты еркіндік беру керектігін білуі қажеттілігін естен шығармауы тиіс.
Ата-ана баланы ерте жасынан бастап-ақ, дербес әрекет жасауға машықтандыру керек. Кішкентай кезінен бастап-ақ, бар ақшасына не сатып алу қажеттігін, не кию керектігін, тіпті киімінің түсіне шейін таңдау еркіндігін баланың өз еркіндігіне қалдырыңыз. Баланың әрекеті дұрыс болмай бара жатса, жай ғана ұсыныс жасауға болады. (сондай-ақ балаға ойлау еркіндігін де бере білу керек, кейбір ата-аналар балаларының өзіне ұнайтын істерімен айналысуына қарсы келіп жатады немесе баланың ішкі сұранысын ескермей, өздеріне ұнайтын бірнеше үйірмелерге күштеп қатыстырады. Ал кейбір ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды.Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың коятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді.
Бала балалық жасап, қателессе, кейде оның жер-жебіріне жететініміз бар. Өтіп кеткен істерді қопарып, баланың барлық іс-әрекетін іске алғысыз ететін де ата-аналар да кездеседі. Ондай сәттерде "Осы сен бар ғой басыма бәле болдың ", "Жұрттың баласын қарашы адам сияқты ", "Сен ылғи да өстисің", "Жыныма тигенді қашан қоясың" деген сөздер айтылып жатады
Ал енді бір балалар отбасындағы қатал тәртіптің нәтижесінде өз көзқарастарын үнемі жасырып тұрады, ойын жария етпейді, жасқаншақ болады. Ересектердің тарапынан болатын кез келген тапсырманы орындауға әзір. Оларға қарсы шықпауға бейімделеді. Соған қарамастан, бала ересектердің тарапынан сынға ұшырап жатады, олардың барлық әрекеті ата-анасына ұнамайды, қит етсе, кінәлауға, ұрысуға дайын тұрады. Ересектердің тарапынан болатын мұндай орынды, орынсыз кінәлаулар баланы кейде ашындырады, қарсы шығуға итермелейді. Баласын тәртіпке шақыру мақсатында ата-аналар түрлі, психологиялық, физикалық және моральдық жазалаулар қолданады. Кішкентай тіршілік иесі- бала мұндай жазалауларды өте ауыр қабылдайды. Физикалық жазалар баланың ата-анасынан көңілін суытады, бала денесіне түскен жараның орнының жазылатынын білгенімен, жанына түсетін жара ешқашан жазылмайтынын түсіне бастайды. Психологиялық жазалау баланың жанын мұнан да қиын дертке ұшыратады. Ата-ана - бала үшін ең жақын әрі қымбат адам. Сондықтан жақын адамнан жәбір көру баланы адамдарға деген сенімсіздікке жетелейді. Кейде бала тәрбиесінде жазалау да қажет болып жатады. Мұндай кездерде ата-аналардың бірі тобы баланың ар-намысын таптайтын жазалаудың қатыгез түрін таңдап алса, енді бір тобы ізгілік арқылы баланы тәртіпке шақыру жолдарын іздестіреді. [42]
Ата-аналар тарапынан балаға жасалатын қатыгездік көбінесе, баланың қателігіне байланысты емес, негізінен ата-аналардың өз басындағы күйзеліс пен сәтсіздіктен туындаған тоқыраған күйде жататыны өкінішті. Кейде тіпті өз баламызға өштей көрініп жатамыз. Жазалау кезінде, ең бастысы, баланың тұлғасына құрметпен қарап, оның жас ерекшелігін, өзіндік жеке касиеттерін ескере отырып, әділ түрде ойланып әрекет жасау керек. Баланы тек жазалап қана қоймай, оның дұрыс әрекетін "Жарайсың, бүгін киіміңді жинап қойыпсың ", "Өз уәдеңді орындағаныц жөн болған" деген сияқты сөздер арқылы ынталандырып отырған абзал. Мұндай сөздер баланың өзіне деген сенімін арттырып қана қоймай, оны ата-анасымен жақындастырады, балада "мені ата-анам жақсы көреді, бағалайды екен" деген берік ой қалыптасады. Баланы қатыгездікпен жазалау баланың денсаулығына да айтарлықтай әсер ететіні де белгілі. Мәселен, тамаққа деген тәбеті төмендейді, күйзеліске ұшырайды, ой-өрісінің дамуы баяулайды, тіпті десеңіз өзімен-өзі болып тұйықталуына әкеп соғады. Ата-ана тарапынан жасалатын мұндай дөрекі де қатыгез қарым-қатынас баланың өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізетіндігін бүгінгі психология ғылымы дәлелдеп отыр. [43]
Бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-ананың өзін тәрбиелеуінен басталуы керек.
Тәрбиенің мәні де маңызы да осындай терең танымнан тамыр алады. Ата-ананың ашу-ызасын тізгіндеп ұстай білуі бала үшін үлгі болмақ. Егер баласының іс-әрекеті көңілінен шықпай жатса,"Сенің бұл іс әрекетіңе көңілім толмайды","Маған біртүрлі осы ісің ұнамайды", "Мен ренжіп тұрмын" деген сияқты сөздерді қолданған орынды





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет