22. Психикалық жетілмеудің диагностикасы мен коррекциясын қалайша ұйымдастыруға болады? Адам психикасы бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз – үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті
Соматикалық ауруы, бар адамның психологиясы сау адамның психологиясынан өзгеше. Сырқатқа ұшыраған адамның орталық нерв жүйесіндегі өзгерсітер төмендегідей болады: 1. Инфекцияның тікелей әсерінен мидың зақымдануы; 2. Ішкі мүшелер мен интерорецепторлар қызметінің өзгеруі салдарынан болатын рефлекторлық реакциялар; З.Жеке адамның ауруға деген реакциясы. Бұл өзгерістер аурудың «қалыпты» деген психикасын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу органдары уланғанда адамның ықыласы төмендеп, ұйқысы бұзылады. Жүрек - қан тамырлары ауруларына ұшыраған адамның көңіл күйі төмендеп, ашуланшақ болып, интерорецепцияның патологиясына байланысты көңілсіз ойлар ұялайды. Жеке адамның ауруға деген реакциясы ерекше назарды талап етеді. Бұл ерекшелік жеке адамның ауырғанға дейінгі жағдайына, өмірлік тәжірибесіне, мамандығына, жасына және басқа себептерге байланысты.
Ауруды қалыпты деп бағалау, ауруды ескермеу, ауруды асыра бағалау сияқты теріс көзқарастардың болатыны анықталған. Ал ауруға деген қалыпты көзқарас оны жеңуге ыңғайлы жағдай жасайды. Ауруды ескермеу уақытымен диагноз қоюға әрі оны емдеуге зардабын тигізеді. Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда адам қауіпті ауру туралы ойдан арыла алмайды. Өз ауруы туралы қалыптан тыс алдағы жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұны ипохондриялық қайғыру дейді.
Ауруға деген теріс көзқарастың төмендегідей түрлері болады.: 1)Аггревация - аурудың белгілері мен ауру адамның шығымын күшейту. 2)Симуляция - жоқ ауруды әдейі бар деп мида бейнелеу. 3) Диссимуляция -аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггревация мен симуляция - сот - психиатриялық, еңбек - дәрігерлік және әскери сарап практикасында кездеседі.
Соматикалық ауруға душар болған адам психологиясы сау адамға қарағанда өзгеше болады. Ауырған адам ауруына адам аурына және оның зардабына да қайғырады. Дәрігерлік емдеуден кейін бүл ой сейіледі. Мұндай жағдай әсіресе ауруханаға түскенде байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялык себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды.
Ауру адам қаралуға келмей-ақ, қаралатын дәрігері туралы көп біледі. Осы жағдайды әсіресе қызметін енді бастағана дәрігерлер есте ұстауы керек. Сондықтан әлі беделге ие бола қоймағана жас дәрігер ауруға айрықша назар аударып қарауы тиіс. Ауру адам бірінші кездескенде-ақ дәрігердің бет-әлпетін, сөзін, қозғалысын бақылайды. Ауру адам аз отырып, дәрігер жайында көп ой түйеді. Мейірімді, сөзін бөлмей, ұқыпты тыңдаған дәрігерге ағынан жарыла қоймай, сақтықпен, сенімсіз қарайды. Дәрігердің ауру адаммен кездескенде оған назар аудармай: қағаздары қарап, оларға қол қойып, қызметкерлермен басқа бірдеңелер туралы сөйлесуі мүлде теріс. Дәрігердің мінезінде не сөзінде ұнамсыз белгілердің болуы ауру адамды дәрігерден аластатады. Дәрігер сырқатты емдеу өзінің міндеті екеніне, оған болысқысы келетінінен ауырған адамның көзін жеткізуі керек.
Ауру адамның көзқарасынан еш нәрсе тыс қалмайды.Үстіртін қарағанды, онша назар аудармағанынды бірден сезеді, дәрігердің көңіл күйінің нашар екеніне, ашуланшақтығына назар аударады.Дәрігердің бет - әлпетін, ымын, дауысын, сөзін, көңіл күйін ауру адам өз басының
жағдайымен байланыстырады. Дәрігер мен ауру адамның бірінші кездесуінен кейінгі қарым -қатынастың да маңызы зор. Ауру адамның қажеттілігіне жэне ықыласына байланысты дәрігер мен оның арасындағы емдеуге бағытталған дүрыс қарым - қатынасты эмпатия дейді. Эмпатияны ұнамды эмоциялық қатынас симпатиясынан ажырата білген жөн. Эмпатия - ауру адамға әлеуметтік көмек ретінде қолданатын эмоциялы бейтарап процесс.