20.Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалауға қандай сипаттама берер едіңіз?
Олигофрения (грек.oligos- аз және phren-ақыл )- ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.
Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.
Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді.
Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді.
Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі.
Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады.
Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.
Қазіргі таңда дамуы тежелген-туа біткен,тұқым қуалаған,жүре пайда болған денсаулығының бұзылуы немесе жараұаттардан пайда болған ерекше балалар көптеп кездеседі.Бұл балалардың тек психикасы ғана емес дене бітімінің дамуы тежелген.
Бүгінгі таңда көптеген себептермен мүмкіндігі шектеулі жандардың саны күн санап өсуде. Балаларда кез келген кемістің пайда болуы әртүрлі себептерге байланысты. Соның ішінде:екіқабат әйелдің екіқабат кезінде түрлі жұқпалы аурулармен ауруы, туу сәтіндегі оқыс жағдайлар, нәрестенің өмірінің бірінші жылында түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау,қызылша,желшешек) ауруы, баланың қатты жарақат алуы, баланың қатты жарақат алуы, ана мен баланың қан тобының келіспеушілігі, әлеуметтік қолайсыз жағдайлар әсер етеді.
Қорытындылай келе, түрлі аурулар адамның түпсанасында қалыптасады деп ойлаймын.Себебі ауру пайда болғанда алдын алып тек жақсы нәрселердә ойлап,логотерапия сияқты терапия қабылдаса түрлі аурудың алдын алуға болады.
Балалардың ауытқуында да логотерапия мен арт терапияны қолданса баланың дамуына жақсы әсер ететіні анық.Ата-ананың бақылауында болып,тек жақсы сәттерді көріп өсуіне де тікелей байланысты.Емдік шараларды да уақыты алып,білікті мамандарға жүгінугеде кеңес беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |