Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары туралы айтып өтсеңіз.
Статистикалык норма - орташа сапалы-санды көрсеткіштерге сай келетін, бүл адамның психоәлеуметтік дамуының деңгейі. Функционалдык норма - бала дамуының жеке көрсеткіштері және жас ерекшелігіне сәйкестігі. Оңалту жүмыстарының негізгі максаты - осы функционалды нормаға жеткізу.
Идеалды норма - бұл тұлғаның әлеуметті жағдайларда оптималды дамуы. Сол себептен, біз баланың дамуын калыпты деп келесі жағдайда есептейміз:
егер оның даму деңгейі оның жасындағы балалардың жасына жэне жыныс деңгейіне сай болған кезде;
егер бала өзінің дамуына сай дамыса, жеке ерекшеліктерімен, кабілеттілік және мүмкіншіліктерімен, өзінің ағзасы жағынан кері әсерді болдырмай дамыса; егер оның мінез-кұлқының дамуы коғамдык талаптарға сай дамыса.
Қалыпты дамыған баланың негізгі көрсеткіштеріне токталайық:
Бірінші бас миының жэне оның кабығының калыпты жетілуі және жұмыс жасауы.
Екінші - баланың калыпты дене дамуы жэне онымен калыпты жұмыс кабілетінің сакталуы, жүйке процесстерінің калыпты байланысы.
Үшінші - коршаған ортамен баланын калыпты байланысын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің сакталуы.
Төртінші - баланын жанұяда, бала бакшада жэне жалпы білім беретін мектепте окытудын жүйелігі жэне кезектілігі.
Баланын дамуының әр кезеңінде, туылуына дейінгі және кейінгі даму дәрежесін ескерудің маңызы зор. Баланың өмір сүруінің бірінші жылы оньщ коршаған әлемге бейімделуі, коғамда өмір сүруі үшін негіз болып табылады. Өмірінің бірінші жылында психикалық процестердің дамуының базасы болып саналатын сенсорлык және козғаушы функцияларының дамуы маңызды болып табылады. Аншіизаторлардың дамуы айналадағы заттардың, олардың касиеттерінің, ерекше белгілерінің алуан түрлілігін танып білуді камтамасыз етеді. Бала жүйке жүйесінің организмді сырткы жағдайларға бейімдеуге белгілі-бір дайындығымен туылады. Туыла салысымен организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын камтамасыз ететін рефлекстер іске косылады. Жаңа туған баланың коргаушы, үстау рефлекстерін, итеру рефлекстерін байкауға болады. Осы рефлекстер кұрайтын қозғалыстар кейіннен білінбей калады. Жаңа туылған кезде мидың қалыпты дамуының қажетті шарты – сезу органдарына (талдағыштардың) тұракты жағдай жасау, олардың көмегімен сыртқы әлемнен алынатын эртүрлі белгілердің миға жетуі.
Туылған сәттен бастап баланың есту аппараты жүмыс істей бастайды. Алғашкы айдың 3-4 аптасында заттарға көз токтауы біліне бастайды. 1-3 айлык шакта коз және кұлак талдағыштары әрі қарай дамиды.
Бала 2-3 жасқа келгенде психикалык жэне сөйлеу кызметінің негіздері салынып, өз бетінше жүруі және үйлестіруі жетіледі. 3-5 жаста коммуникативті қызметтер спектрі кеңейеді. Бала фразалык сөйлёуді жэне өзінің, элі шектелмеген өмірлік тэжірибесін меңгереді. 6-10 жаста өсу қарқыны қайтадан күшейеді, дене жэне психикалык дамуында күрт озгерістер пайда болады (психоқозғаушы сензитивті кезең). 7-8 жасында бұлшык еті қарқынды өсе бастайды. Балалардың арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық жэне физиалогиялық даму ерекшеліктерін зерттеу жэне сонымен қатар оларды оқыту жэне тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.
Проблемалы баланың дамуының бастапкы кезеңдерінде оныоқыту мен тәрбиелеудің басты кедергісі бастапкы кемістік болып табылады. Түзетушілік ыкпал жасалмаған жағдайда кайталама ауытқулар маңызды бола бастайды, олар баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайды, педагогикалық салактық пайда болып, эмоциялык сала мен тәртібі бүзылады. Дамуындағы бүзылыстар эртүрлі факторлармен туындалуы мүмкін. Психикалык жэне (немесе) физикалык дамудың бұзылыстарына алып келетін екі негізгі себептер
топтарын бөліп шығаруға болады:
1.Эндогендік (ішкі), оның ішіне генетикалъщ мутация, тұқымқуалаушылық аурулар т.б. ;
2. Экзогендік (сыртқы тиімсіз әсерлер факторлары) - инфекциялар, интоксикациялар, эр-түрлі жараңаттар т.б Эндогендік себептерге туа біткен аурулар (олигофренияның кейбір түрлері, мысалы Даун ауруы) жатады, ата-анасының жыныс жасушаларының арнайы кұрылымдары - хромосомалары аркылы дамуындағы ауыткулар белгілері туралы; хромосомалар саны мен құрылымындағы өзгерістермен байланысты акпарат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |