Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?



бет15/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

Сонымен қатар сана бұзылысының сипаты мен деңгейін анықтау үшін шет елдерде көптеген жылдар бойы сандық бағалаудың унифицерленген шкаласы – Глазко комасының шкаласын қолданады. Дамыған елдерде ГКШ жедел диагностика және нейрохирургиялиық көмек кезінде жалпылама – медициналық қызметкерлер де, медициналық емес басқа да қызметкерлер қолданады.
Бұл шкаланы қолдану тәсілі қрапайым және де жедел неврологиялық нейрохирургиялық патологиялар диагностикасында сонымен қосымша диагностикалық қарап тексеру кезінде де өте ыңғайлы. Бірақ тәжірбие кезінде отандық медицинада бұл шкаланы көп қолдана бермейді. Бірнеше себептерден , оның ең бастысы шкаланың патофизиологиялық негізін толық түсінбегендіктен болар.Бұл жұмыстағы мақсатымыз ГКШ-ның колдану кезіндегі бағалау жүргізілген барлық белгілерге толық сипаттама беру. Ол пратикалық дәрігерлерге сана бұзылысымен қатар жүретін патологиялық жағдайдың эффективті диагностикалау үшін көмегін тигізер деген ойдамыз. Шкала өзіндік формальды кестесі бар және үш негізгі белгіден тұрады. Көздің ашылуы, сөйлеу, қимылдау. Сана бұзылысының деңгейін бағалау негізіндегі ең маңызды симтомдар болып табылады және бағалау өте аз уақыт алады. Көздің ашуы. Адамның санасы екі құрам бөліктен құралған. Белсенділік және мазмұндылық [3]. Клиницистің көз қарасына сүйенсек көзді ашу науқастың «сергектік» жағдайын объективті бағалауға болатын ең қарапайым және ақпаратты белгі [16] болып табылады. Көз ашу болуы науқастың комадан шығуы және РФ бас [11,17] миы қызметінің қалпына келгені жайлы мәлімет береді. Белсенділену пайда болуы үшін РФ-ң қалыпты қызмет атқаруымен қоса бас миының екі жарты шарының да дұрыс қызмет атқаруы қажет, сондықтан да көз ашуылуын арнайы жасау, бас миы сабауының оятушы механизмдерінің белсенділігі жайлы ақпарат береді [13]. Белсенділіктің болуы (көз ашудың болуы) сананың болуын қорсетеді. Мысалы, науқас вегетативті жағдайда комадан шықты, бірақ ол өзін және қоршаған ортаны қабылдамайды. Коматозды жағдайдағы көптеген науқастарда да көзін аша береді, бірақ бас ми жарақаты бар науқастардың 4% көзін ашпай-ақ өліп кетеді [17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет