Эмоциялар және олардың паталогиялық өзгеуі. Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамныңбүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда өтеді.(Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығут.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатынаффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндайұшқалақты лепірмелікке бармйды. Дені сау адамның аффектісінен психикасыауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажыратуқажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланысбұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен болады Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаныбілдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген.Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды.Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялартуғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды.
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:
1) Организмнің мазасыздануы.
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
3) Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда
титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің
жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы,ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамныңпульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы төмендеп, адам дұрыс шешімқабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамғақажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігіпайда болады. Фрустрация. (латын сөзі — жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғызабермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы:сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардыңбарі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпағансәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |