1932 жылы Шеннон Мичиган университетіне оқуға түсіп, онда курстардың бірінде Джордж Бульдің жұмыстарымен танысты. 1936 жылы Клод Мичиган университетін бітіріп, екі мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алды (математик және электротехник) және Массачусетс технологиялық институтына (MIT) жұмысқа орналасты, онда ассистент-зерттеуші болып жұмыс істеді. Ол өзінің ғылыми жетекшісі Вэнивар Буш жасаған "дифференциалды анализатор" деп аталатын аналогтық компьютер-механикалық есептеу құрылғысында оператор қызметін атқарды. Дифференциалды анализатордың күрделі, жоғары мамандандырылған электр тізбектерін зерттей отырып, Шеннон Буль тұжырымдамалары лайықты қолдануға болатындығын көрді.