Кмм байет жоббм



Дата17.06.2018
өлшемі6,23 Mb.
#42677

КММ Байет ЖОББМ

  • Бағыты: Этномәдениеттану
  • Жетекшісі: Сейткулова Нагима Хамитовна
  • Бастауыш сынып мұғалімі
  • .
  • Жұмыстың мақсаты:
  • Асық ойынының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының ( техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстай отыра боулинг ойынының шығу тарихы қазақ халқының асық ойынында екенін дәлелдеу. Ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.
  • Жұмыстың өзектілігі:
  • Боулинг ойынының түп атасы қазақтың ұлттық ойыны- асық екенін дәлелдеу.
  • Жұмыстың нәтижесі:
  • Боулингтің түп тамырының асықтан басталатынын ескере отырып, асық ойынының түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға деген қызығушылық пен сұраныс артар еді.
  • Асық ойыны – жалпы көшпелілердің оның ішінде казақ халқының ежелгі замандардан жалғасып келе жатқан спорттық ойындарының бір түрі. Мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Асық ойыны негізінен «балалар ойыны» деп есептелгенімен, шаруадан қолы бос кезінде ересектердің де құмарта ойнайтын ортақ ойыны болған. Осыған байланысты ойнаушылардың жас шамаларына қарай ойналатын асық ойынының түрлері де көп. Олардың бір тобы үйде ойналса, енді бір тобы түзде, яғни далада ойналады.
  • Үйде ойналатын ойындар ойнаушыны икемділікке, шапшаңдыққа, дәлдікке бейімдесе, далада ойналатын ойындар төзімділікке, қол мергендікке, көз мергендікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Асық ойындарының түрлері көп. Соның көбісі бұл күнде ұмытылған. Қазіргі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны. Бұл көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. «Асық атыс» немесе «асық ату» ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді. Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа-әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түрлері әртүрлі болып шыға келетін. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар жас кезінен ажырата алады. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей, әр бала өз асығының санын тез біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан қалыптасқан. Асық ұсақ малда – қойда, ешкіде, киікте, таутекеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта «Қой асығы болғанмен, қолына жақса сақа тұт, Жасы кіші болса да, ақылы асса аға тұт» деген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сөз тіркесі де бар. Қазақ баласы тумай тұрып-ақ ырым етіп асық жинаған және асықты ұл бала ойнағандықтан балаларымыз ұл болсын деп, ырым еткен. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Асықтың Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпа, Шоңқа деген қалыптары болады. Оның ішінде Алшы жатысын өте жоғары бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтатынын білеміз.

Боулинг XIX ғасырдың соңында Готтфрид Шмидт есімді АҚШ-тық азамат ойлап тапқан. 19- ғ-ң аяғында боулинг қазіргі заманғы кейіпке енді – алғашқы рет оныншы кегля пайда болды(бұрын 9 болған), кегля үшін стандарттар бекітілді,жолдар,шарлар және жалпы ережелер құрылды.1916 ж. алғашқы рет боулингтың халықаралық әйелдер конгрессі өтті.

  • Бүгінгі күндері боулинг сияқты ойын өте әйгілі болуда. Бұл спорттың тәуелсіз түрі болатын кәсіби боулингіне де уақытты жақсы өткізу үшін ойналатын боулингіне де қатысты. Боулинг ойынының шығу тарихы туралы пікірлер алуан түрлі. Менің ойымша бұл ойын қазақтың «Асық ату» ойынынан шыққан. Себебі екеуінде ұқсастықтар өте көп. Боулинг асық ату ойынының заманауи дамыған, техникалық әдістермен жасалған жасанды ойын.
  • Ал «асық ату» өте ертеден келе жатқан қазақ халқының көне ойындарының бірі. Бұл көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. «Асық атыс» немесе «асық ату» ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан қалыптасқан. Бүгінгі күндері боулинг сияқты ойын өте әйгілі болуда. Бұл спорттың тәуелсіз түрі болатын кәсіби боулингіне де уақытты жақсы өткізу үшін ойналатын боулингіне де қатысты. Боулинг ойынының шығу тарихы туралы пікірлер алуан түрлі. Менің ойымша бұл ойын қазақтың «Асық ату» ойынынан шыққан. Себебі екеуінде ұқсастықтар өте көп. Боулинг асық ату ойынының заманауи дамыған, техникалық әдістермен жасалған жасанды ойын.
  • Ал «асық ату» өте ертеден келе жатқан қазақ халқының көне ойындарының бірі. Бұл көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. «Асық атыс» немесе «асық ату» ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан қалыптасқан.
  • Қорыта айтсам, кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Соның ішінде боулинг ойыны да бар. Біріншіден боулинг ойыны қауіпсіздік ережелерін талап етсе, екіншіден қаражаттты талап етеді. Боулинг ойынын ойнауға екінің бірінің қалтасы көтермейді. Себебі арнайы орындарда ғана ойналатындықтан, кіру ақысы, арнайы аяқ киім. Сол себепті балалар кез келген ойын автоматтарында ойнауды жөн көреді.Ойын автоматтарының зиянын атап өтсем, оларды төмендегінше жіктеуге болады.Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.
  • Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқуқұралға емес, осындай компьютер ойнына ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте құмаройындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық ойынын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей жүр. Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір жағынанадам денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер едім.
  • Ұлттық ойынымыз асықты неге ұмыта бастадық?!
  • 1Асық туралы бізге дейін айтқан дуалыауыздар аз емес. Тек сол жеріне
  • жетпей жүрген секілді. Ұлттық ойын қатарындағы асықтың жұрт жадынан ұмытылып қалмауы үшін, оны қайта жандандыру үшін мектеп
  • бағдарламасына, соның ішінде денешынықтыру сабағының жоспарына
  • құзырлы орындар енгізсе деген ұсыныс бар.
  • 2. Асық ойынын көтеріп, дамыту қажеттігін кезінде Б.Момышұлы өзі айтып: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл - үлкен халықтық тәрбие »,- деп жоғарғы басшылыққа хат жазған болатын. Сөйткен асық ойнын іздеп жатқан адам жоқ. Елімізде Ат спорты секілді басқа да ұлттық ойын түрлерінің федерациялары, құдайғашүкір бар. Ал Асық ойнына келгенде, мемлекеттік деңгейде ешқандай ұйым жоқ. Асық ойындары қалалық жерді былай қойғанда, тіпті ауылдық жерде ұйымдастырылмайды.Ең азы аудан орталығында шағын ұйымдар ашылса, балалар шараларға қатысуға тартылса деген ұсынысым бар.
  • Халқымыздың ата-дәстүрлерін жаңғыртып, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында асықтың түрлері мен атауларын зерттеу барысында 3-сынып оқушысы Тилегенқызы Назар өзінің халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық ойындарға деген қызығушылығы мен білімділігін таныта білді. Назар қазақтың ұлттық ойыны–асықты бар ынтасын сала, қызыға ойнайды және зерттеу жұмысын жүргізбестен бұрын ойын түрлерін, олар туралы материалдар жинақтайды екен. Бұл қызығушылығы асық туралы материал жинау барысында Назарға көп септігін тигізді. Сонымен қатар ізденіс нәтижесінде асық ойнаудың адам денсаулығына, қимыл-әрекетінің ширақ болуына, көздің көру қабілетінің жақсаруына, бір сөзбен айтқанда, шынайы өмірде асықтың пайдасының барлығына көз жеткізді.Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар тастамақшы. Осындай жас буын Назардың талпыныс еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, жастар халқымыздың ұлттық ойындарын дұрыс пайдаланып, іске асырады деген сенімдемін.
  • Жетекшісі: Сейткулова Нагима Хамитовна
  • 1. Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» Алматы. 1997жыл
  • 2. «Қазақ әдебиеті» газеті 1992жыл
  • 3. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы. 2005 жыл
  • 4. Қазақ Совет энциклопедиясы 1 том
  • 5. «Бала би» журналы 2010 жыл № 5


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет