Күн энергиясын пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз адамзат үшін Күн энергетикасының ауадай қажет екенін түсінеміз. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Атап айтсақ,
артықшылықтары: 1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді;
2) ол сарқылмайды;
3) қоршаған ортаға қауіпсіз;
кемшіліктері: 1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді;
2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы;
3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет;
4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді; 5) энергияны аккумуляциялау қажет.
Соған қарамастан Күн энергетикасына деген сұраныстар жыл сайын артып келеді. Әр елдің ғалымдары осы қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен айналысуда. Осыған орай Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Мысалы: 2005 жылы жұқа қабыршақты фотоэлементтер нарықтың 6%-ын құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 7%-ға жетті, ал 2007 жылы 8%-ға, ал 2009 жылы 16,8%-ға дейін өсті. Яғни 1999 жылдан 2006 жылға дейін жұқа қабыршақты фотоэлементтер өндірісі жыл сайын орташа есеппен 80%-ға өсіп отыр. Ал Күн энергиясының Еуропа елдерінде қолданылуына шолу жасасақ, 2010 жылы Германияда электр энергиясының 2%-ы фотоэлектрлік құрылғылардан алынса, Испанияда бұл көрсеткіш 2,7%-ды құрайды.
Күн энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе, бұл мәселенің түбегейлі шешілуі қазіргі уақытта дүние жүзінде мұнай мен газ секілді отынның күннен-күнге қымбаттауынан туындап отырған негізгі проблемалардың толықтай шешімін табарына өз септігін тигізері сөзсіз. Себебі, осыдан 50 жылдай бұрын американдық ғалым Кинг Хуббертс айтқандай: «... Мұнай тек оны өндіруге кеткен электр энергиясы одан өндірілетін электр энергиясынан аз болған кезге дейін ғана электр энергиясының негізгі көзі ретінде саналады. Ал бұдан кейін мұнай өндіру оның бағасына қарамастан тоқтатылады». Ғалымдарымызға бұл тұжырым «К.Хуббертстің заңы» деген атпен белгілі.
Көмірсутекті өнімдердің өте көп өндірілуі климаттың өзгеруіне, жылыжайлы эффектінің қалыптасуына әкелетіні шындық. Аталған жайттар Жер шарының көптеген аймақтарында қазірдің өзінде-ақ байқалып отыр. Сондықтан да дүние жүзі ғалымдары бұл тығырықтан шығудың жолдарын ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыруда. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Надир Надиров пікіріне сүйенер болсақ: «... Күн энергетикасы көмегімен адамзатқа төніп тұрған аталған қауіптен құтылуға болады». Осымен байланысты ҚР-да дүние жүзіндегі озық тәжірибелерді пайдалана отырып мемлекет тарапынан электр энергиясын мұнай мен газға альтернативті энергетика ретінде Күн энергиясынан алуға баса назар аударылып отыр.
Астанада 22-24 мамыр аралығында өтетін V Астаналық экономикалық форумы ауқымында Келешек энергиясы жөніндегі Ғылыми конгресс ұйымдастырылып, онда баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланды. «Болашақ энергиясы» - Қазақстанның Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге ұсынып отырған тақырыбы.
Энергетика және экология мәселелеріерекшемаңызғаие. Тақырып энергия үнемдеумәселесінжәнекүн, желэнергиясыжәнетеңіз, мұхит, термальдысудыңэнергетикалықресурстарысияқтыбаламалы энергия көздеріненгізумәселесінкеңіненашуғамүмкіндікбереді.
Осылайша, Қазақстанэнергетиканыдамытуғаөзүлесінқоспақ. Сондай-ақ, Астанадабаламалы энергетика саласындатаңдаулыойшылдар мен жобалардыжинауғаұмтылыпотыр.