Мия-жабайы,көпжылдық өсімдік. Тамырынан жасалған дәрілер қақырық түсіруге және ішті жүргізуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальді астма, бүйрекүсті бездерінің қызметі төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. 1-сурет Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрі ретінде қолданылады.
Қарандыз- жабайы өсімдіктің бір түрі. Шығыс Қазақстанда өседі. Бронхит және т.б. тыныс жолдары ауруларымен ауырғанда қақырық түсіру үшін тамыры мен тамыр сабағын қайнатып ішеді. 2-сурет Эфир майынан жасалған препараттар антисептикалық дәрі, қабынғанға және іш құрттарына қарсы дәрі ретінде қолданылады.
2
Жабайы дәрілік өсімдіктермен таныстыру Қазақстанның дәрілік өсімдіктері туралы жалпы мәліметтер
Дәрілік өсімдіктерді тәжірибеде қолдану олардың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуымен түсіндіріледі, олар организмге енгізілгенде өте аз мөлшерде болса да белгілі физиологиялық әсер етеді. Бұл белсенді заттарды өсімдіктердің өздері топырақтың бейорганикалық минералдарынан, судан және ауадан көмірқышқыл газынан синтездейді. Синтезді өсімдіктер жарық энергиясының әсерінен жүзеге асырады. Өсімдіктің белсенді заттарының бірнеше топтары белгілі: алкалоидтар, гликозидтер, таниндер, сапониндер, флавоноидтар, әртүрлі органикалық қышқылдар, витаминдер, май және эфир майлары, микроэлементтер және т.б.
3
Өсімдіктердің емдік қасиеттері.
Дәрілік шөптердің құрамында емдік қасиеті бар кем дегенде бір зат бар. Бұл зат (заттар) көбінесе өсімдіктердің ұлпалары мен бөліктерінде біркелкі таралмайды (таралады). Сондықтан, дәрілік шөптерді жинаған кезде пайдалы элементтердің қай жерде шоғырланғанын және олардың концентрациясы ең жоғары болатын өсімдік дамуының максималды кезеңін білу қажет.
3
01.06.2023
1
Мәдени және интродукцияланған өсімдіктерге сипаттама.