Сипаттамасы: Мамыр қынжыгүлі Тамырсабағы қалың емес, қазы қауырсынның қалыңдығынан үлкен емес. Тамырлары жеңішке. Көбіне екі немесе үш үлкен эллипс пішінді жапырақтардың арасында ірі бүршік орналасады. Сабағында шашақ гүлшоғырында 6-20 майда хош иісті гүлдер орналасады. Гүлдері көбіне бірыңғай қарап тұрады. Мамырмен маусымның арасында гүлдейді. Тұқымдасы: Лалагүлдер Таралуы: Қазақстанда сирек кездесетін түр, таралу аймағының оңтүстік шекарасында орналасқан. Орал облысының тек солтүстік бөлігінде кездеседі.