Күнделікті сабақ жоспары 1Тақырып


Қарым – қатынас техникасы



бет8/18
Дата19.10.2023
өлшемі317,24 Kb.
#186866
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ПК тема1

Қарым – қатынас техникасы
Көптеген адамдардың басқа адамдармен тиімсіз қарым-қатынас жасау тәжірбиесі бар. Егер сізді түсінбесе, сіз таң қаласыз : Мен толыққ дұрыс айтатынымды айттым! Неге мені түсінбейді - дейсіз. Тиімді қарым-қатынастың маңызды шартының бірі - оның барлық құрамын толық пайдалану
Тиімді қарым-қатынас элементтері
Біріншіден, хабардың өзі анық болмауы мүмкін. Мысалы, тым әлсіз дауыспен айтылды, жаман жазумен жазылды, түсініксіз терминдер бар және т.б.
Екіншіден, хабар берушінің ақпаратты жіберген арнасы дұрыс болмауы мүмкін. Мысалы, дұрыс естімейтін адамға ауызша көлемді ақпараттар берілуі, я көзі нашар көретін адамға тыс ұсақ жазумен жазылған нұсқаулар берілуі мүмкін және т.б.
Үшіншіден, хабар алушы алынған ақпаратты алғанын және дұрыс түсінгенін жіберуші жоспарлағандай растамайды. Мысалы, медициналық мейірбике Дәріні қалай қабылдайтынын түсіндіңіз бе? - деген сұрағына, пациент Иә, мен түсіндім - дейді, бірақ ол шын мәнісінде бәрін түсінді дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда хабар алынған және пациенттің оны дұрыс түсінгенін анықтау үшін медициналық мейірбике бірнеше нақты сұрақтар беруі тиіс. Мысалы, Дәріні сіз қанша уақыт өткен соң ішесіз? , Дәріні немен ішесіз? және т.б. Осылай сұралса мейірбике хабарламасын пациент қалай түсінгенін қайталап айтар еді.
Тиімді қарым-қатынас тыңғылықты дайындықты, әңгімелестін адамға дұрыс көңіл қоюды, қарым-қатынасқа өзара әзір болуды қажет етеді. Көру, есту, физиологиялық белсенділігі және т.б, жағынан жағдайлар ұқсас адамдардың көбінесе әртүрлі мәселелері бар. Әр адамның қайталанбас ерекшелігі қарым-қатынас арқылы анықталады.
Коммуникация әдістері:
Ақпаратты таратудың екі жолы бар: вербалды (ауызша не жазбаша сөз) және вербалды емес (дене қалпы, ым, мимика, және т.б.).
Ақпаратты, хабарды жеткізу әдісі хабар мазмұмынына және оны алушының жеке сапасына байланысты. Мысалы, көзі көрмейтінге ауызша сөзді пайдаланған дұрыс, ал естімейтін адамға- әрі ауызша сөз ( естімейтіедердің көбі еркін арқылы оқи алады),әрі жазбаша сөз ( жадынама) қолданған жөн. Ақпаратты тарату үшін қөбінесе бірнеше арналар пайдаланылады, мысалы, аузша сөз мимимкамен, ыммен бірге беріледі.
Вербалды коммуникациялардың екі маңызды элементті бар деп септелінеді: айтылудың маңызы және түрі. Хабар айқын және нық болуы тиіс. Сұрақтарды дұрыс беру арқылы қарым - қатынасты тиімдірек етуге болады. Сұрақтар жабық түрде болуы мүмкін. Оларға Ия не Жоқ деп бір сарынды жауап беруге болады. Ашық (арнайы) болуы мүмкін. Оларға толық жауап алуға болады. Жабық сұрақтар: Сіз істей аласызба..?, Сіз орындағыңыз келе ме.?, Сізге қажет пе..?, Сізде бар ма..?және тағы басқалары. Ашық сұрақтар былай басталады: Маған айтыңызшы..?, Не..?, Қайда..?,Қашан..?,Неге..? және тағы басқалары.
Қате сұрақ ақпаратты тиімсіз етеді. Мысалы, пациентті бір дағдыға үйреткенде Сіз мені түсіңдіңіз бе?, деген сұраққа Ия деген жауап алуға болады, ал шын мәнісінде адам түсінбегенінін мойындағысы келмеуі мүмкін. Ал егер Мен сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізгім келеді десеңіз, хабардың алынғандығын растауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет