Бұл сыныпқа сабақ беретін 20 мұғалім. Олардың ішінде деңгейлік кус бойынша сертификатталған біреу, бесеуі жоғары санатты, бірінші санатты біреу, екінші санатты екеу және санаты жоқ үш мұғалім береді. Коучингке математика, химия,
биология, дене шынықтыру,
қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері қатысты. Белгілі себептермен қатыса алмаған физика, тарих, технология, өзін-өзі тану пән мұғалімдері. 18-28 қаңтар аралығында осы сыныпқа сабақ беретін барлық мұғалімдердің сабақтарына коммиссия мүшелері қатысып, сабақтарды талдау барысындағы жиі әрі маңызды
кездесетін жайттар анықталып, алдағы уақытта осы тақырыпта коучинг өткізілуін жоспарлады. Мағжан тану, тарих, орыс тілі, өзін өзі тану, математика, қазақ тілі, ағылшын, химия сабақтарына мұғалімнің қолданатын тәсілдерінің тиімділігін бақылау мақсатымен қатысқанымда қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды тиімді қолдана алмайтындығын байқадым. Яғни, химия, ағылшын, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, математикада сабақ соңында мұғалімнің өзі көз жобамен бағалады. Бұл дәстүрлі сабақтарда көрініс алатын жайт. Бұндай жағдайда оқушы «нені біліп, нені білуі керектігін» емес, мұғалімнің қасы-қабағына қарап әрекет жасайды. Себебі, бағаның қандай болатынын мұғалім шешеді. Менің ойымша, «баға үшін оқу» осыдан пайда болады. Бұл жайт оқушы уәжін анықтаған кезде белгілі болды.
Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың басым көпшілігі ата-анасынан сөз естімес үшін оқитындығы анықталды. Бұл қорытындыда оқушылар мұғалімнің мақтауын күтпейтіндігін көрсетті.
Мен үшін осы тақырып маңызды, себебі сыныпта орын алатын тәртіпсіздіктер мен мұғалім мен оқушы арасындағы түсінбеушіліктер бағаның әділетті қойылмауы немесе еш айғақтарсыз қойылуы және қалыптастырушы бағалауды қолданбауы деп түсінемін. Мен ойлаймын, қалыптастырушы бағалауды күшейту арқылы, біз жиынтық бағалауды да жақсартамыз. Мысалы, оқушының әрбір әрекетіне қалыптастырушы баға беріп, ынталандырып, қажет кезде демеп, олардың кішкене болса да әр бір жеңістеріне қуанып қолдау көрсетсек, табыс критерийлерін қолдансақ, тәрбиелік мәні бар сабақтар жүргізсек, осы арқылы олардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға болады.
Біздің мектебіміз үшін де бұл тақырыптың маңызы зор. Себебі, оқушының уәжін арттыру, өздігінен білім алуға итермелейді. Сыныптастарын сыйлауға үйренеді, бірін-бірі тыңдауға дағдыланады. Баға үшін емес, танып білуі үшін оқитын болады. Яғни, білімге деген құштарлығын оята білу, мұғалімдердің асқан шеберлігін қажет етеді. Мен ойлаймын, мектептегі тәртіп мәселесі- ол ең алдымен сабақтағы тәрбие мәселесінің дұрыс белең алмауынан деп. Тәрбиесіз берген білім ....
Оқушы мен мұғалім арасының алшақтауы жылы сөздің, мадақтаудың аздығынан, тәрбиелік мәні зор әңгіменің жоқтығынан және кейде дұрыс жоспарланбаған сабақтардан, өтірік қойылатын бағалардан, тиімсіз әдіс-тәсілдерден, сабақтардың сабақтастығының жоқтығынан өршиді. Осыдан барып, баланың қызығушылығы басқа нәрсеге ауады және оқуға деген, тіпті мектепке деген ынтасы бәсеңдейді.
Мен осы коучингке барлық пәннен сабақ беретін мұғалімдердің қатысқанын қаладым. Себебі, оқушыға жан-жақты әсер етудің тиімді жолдарын ашу керек болды. Мені толғандырған сұрақтардың жауабын іздедім, мысалы, не себептен оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімді (Әкетаев) таңдады?, неге оқушылар мұғалімді сыйламайды? (Сәттерова Б.),
неге сабақтарда оқушылар шулайды? (Баубекова Г., Қалниязова Р.), неге сынып жетекшісі пән мұғалімін себепсіз ұрысады деп айыптайды? (Бостанова А.), неге ата-аналар сабақты түрлендіріп және топтастырып өтсін дейді?, осы сыныпта қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр?, сыныпты бақылауға алғалы бері қандай өзгерістер бар және ол өзгерістер уақытша ма? Неге тапсырманы орындатуға көп уақыт жұмсаймыз? (Абдуллаева Ш., Байдарманова Л., Айтбекова Г.), сыныптағы қарым-қатынаста қанша үштік, төрттік бар? (социаметрия)? Оқушылардың шынайы білім сапасы қанша? Ата-аналармен қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр? Оқушылардың нейротизіміне қандай баға беруге болады? Психологиялық көмекке мұқтаж бала бар ма? Оқушылардың әлеуметтік картасы бар ма? (отбасындағы психологиялық жағдайы), оқушылардың партфолиосы бар ма? (өнері, спорт, жетістіктері, әуестері), мектеп көлемінде осы сыныпқа қатысты қандай тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды?, қоғамға пайдалы іспен айналысатын оқушы бар ма?.
«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» атты коучингтің осы мұғалімдер үшін қажеттілігі жоғары және көптеген сұрақтарды талқылау мүмкіндігі болады деп ойлаймын. .